11 жылдан кейін Теңізшевройлмен келісім-шарт мерзімі аяқталады

0
209

2033 жылы Үкіметтің Теңізшевройл компаниясымен жасасқан келісім-шарт мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Qarazhat.kz «Energy Monitor» қоғамдық қоры сарапшыларының дерегінше келісім-шарт мерзімі аяқталар кезеңде мұнай өндіру жылына 20 млн тонна болуы тиіс. Жалпы, акционерлер 2033 жылға дейін барлығы 880 млн тонна мұнай өндіруі тиіс, қазірдің өзінде 540 млн тонна өндірілді. Сондықтан да акционерлер үшін Келешекте кеңейту және Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобаларының жүзеге аса маңызды болды. Қазір жобаның 93%-ы орындалды.

Келісім-шартт аяқталған соң жер қойнауында мұнай қала ма? Әрине қалады. Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна құрайды. Алайда, оны өндіру барысында жер қыртысындағы төмендеп кететін қысымды қалпына келтіру үшін жер астына тұщы су жіберу қажет болады.  Қазірдің өзінде Теңіз кенішіне қажетті тұщы су үшін күрес жүріп жатыр. Судың орнына жер қыртысына Қашағандағы 6 млрд куб шикі газды жіберу туралы жобаны Шеврон компаниясы қолдамаған.  Алайда америкалық компания 2033 жылға дейін NERP жобасы  ( North East Ring Project – 5 млрд доллар инвестицияға 66 жаңа ұңғыманы бұрғылау жобасы) аясында жаңа мұнай бұрғылау ұңғымаларын орнату арқылы мүмкіндігінше көп мұнай өндіруге ұмтылмақ .  

Ал, Теңіздегі Келешекте кеңейту және Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобаларындағы жұмыстан босайтын жандарды жұмысқа орналастыру мәселесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылауға алу үшін арнайы Жол картасы әзірленді. ҚазАқпарат дерегінше осы кезге дейін 7,6 мыңнан астам қызметкер жұмыстан босатылған.  ТеңізШевройл тоқсан сайын аталған министрлікке және өңірлердің әкімдіктеріне кәсіптер мен өңірлер бөлінісінде мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат ұсынады..

Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылған болатын.  «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылған.
 ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% жəне «ЛукАрко Б.К. » – 5%.

S&P Теңңізшевройлдың рейтингін «ВВВ-», ал ұлттық шкала бойынша CreditWatch Negative тізімінде «kzAAA» деңгейіне түсірді. Бұл енді бөлек әңгіме…

Суретте Келешекте кеңейту және Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобаларындағы мұнай өндіру кезеңдері көрсетілген.

Предыдущая статьяҚалтаңызда қолма-қол ақша бар ма?
Следующая статьяРесей көмірінен бас тартқан ЕуроОдақ Қазақстаннан экспортты  ұлғайтты

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here