Ресейліктер ақшасын жаппай елден әкете бастады ма? 

0
410


Ресейліктер өз капиталын  сыртта қорғауға көшкендей. Ресей Орталық банкінің дерегінше 2022 жылдың бірінші тоқсанында елден  64,2 млрд$ қаражат әкетілген. Бұл 2014 жылдан кейінгі антирекорд, деп жазады Qarazhat.  Ол кезде көрші ел жалпы  152,1 млрд$ әкетілсе, оның жартысына жуығы  75,8 млрд$ төртінші тоқсанға тиесілі болған.  Дегенмен, Ресейден сыртқа әкетілген ең көп қаражат 2008 жылдың төртінші тоқсанында тіркелген,  133,6 млрд$.

Жеке сектордың елден шығарған капиталы 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырған 3,6 есе көп. 2021 жылы осы кезеңде елден 17,5 млрд$ қары әкетілген екен. өткен жыл бойынша бұл көрсеткіш 72,6 млрд$ құраса, 2020 жылы 50,3 млрд$ болған.

Сарапшылар 2022 жылдың алғашқы тоқсанындағы жағдайды талдай келе, жыл соңына қарай елден әкетілетін қаражат 2008-20014 жылдардағы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда көп болады деген болжам айтады.

Ескерте кетейік, ІІМ вице-министрі Марат Қожаевтың дерегінше, 24 наурыз бен 11 сәуір аралығында Қазақстанға 130 мың Ресей азаматы кірген. Оның дерегінше, 170 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген. 1055 Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға өтініш білдіріпті.


Предыдущая статьяДоллар  индексі өсіп барады. Бұл нені білдіреді?
Следующая статья«Сатыбалды, бересалды». Kcell-дің акцияларын да бере сала ма?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here