
Adidas компаниясы 2021 жылдың төртінші тоқсанында және 2021 жылдың бірінші тоқсанында Вьетнамдағы зауытың жабылуы мен жүк жеткізудің баяулауы салдарынан сатылымнан 1 млрд еуро (1,2 миллиард доллар) жоғалтады деп болжануда. РБК Reuters-ке сілтеме жасап жазады.
Вьетнам зауыттары әдетте Adidas өнімінің 28% құрайды. Компания 30 млн бірлік өнім өндірісін Қытай мен Индонезияға көшіріп алды. Дереккөзге сүйенсек, 2021 жылдың екінші жартысында Аidas 100 миллион бірлік өнімін жоғалтты. Осыған байланысты компания жеңілдікпен сатылатын тауар санын қысқартып, 2022 жылы бағаны шамамен 5% көтеруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Adidas AG неміс компаниясы Reebok брендін америкалық Authentic Brands Group (ABG) компаниясына 2,1 млрд еуроға сату туралы келісім жасаған. Тараптар мәмілені 2022 жылдың бірінші тоқсанында жасайды деп күтілуде. Adidas компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, мәміледен түскен қаражаттың басым бөп бөлігі акционерлерге бөлініп берілмек.
1924 жылы Адольф Дасслер негізін қалаған Adidas AG компаниясы спорттық киім, аяқ киім және спорт құралдарын өндіру бойынша әлемде екінші орында. Америкалық Reebok бренді 2006 жылдан бері Adidas неміс компаниясына тиесілі.