Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Datametrics компаниясы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша еліміз аймақтарының рейтингін шығарды.
Рейтинг ресми статистикалық деректер негізінде қалыптастырылды. Рейтингтің негізі әлеуметтік және экономикалық бағыттардың бұрын жарияланған факторлары, олар өз кезегінде қорытынды рейтингтік балдың 40% және 60% -ін құрайды.
Datametrics компаниясы сарапшылар және әлеуметтанушылармен фокус-топтық пікірталастар барысында факторлар мен көрсеткіштерді іріктеп алды. Факторлардың әрқайсысы статистикалық мәліметтер негізінде 1-ден 5 баллға дейін бағаланды. Рейтинг басқа аймақтармен салыстырғанда өңірлердің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, яғни әрбір көрсеткіш бойынша шек қандай да бір деңгей емес, белгілі бір көрсеткіштің ең жоғарғы мәні.
Рейтинг көрсеткендей Атырау облысы ЖӨӨ, қызметтер және инвестициялар сияқты экономикалық факторлар бойынша, сондай-ақ әлеуметтік даму факторлары бойынша салыстырмалы түрде жоғары мәндер: еңбек пен жұмыспен қамту және өмір сүру деңгейі есебінен бірінші орын алды.
Дәл осы көрсеткіштер бойынша екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы, үшінші орынды Алматы қаласы иеленіпті. Төртінші және бесінші орында Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Рейтингте соңғы орынға Шымкент қаласы жайғасыпты.
Алайда, әлеуметтік және экономикалық даму бойынша жекелеген көрсеткіштерде рейтинг біршама өзгешеленеді. Айталық, инновация және ғылым, өмір сүру деңгейі бойынша Алматы қаласы рейтингте бірінші болып тұр. Ал, кәсіпорындардың статистикасы бойынша Түркістан облысы рейтингте алғашқы орында.
Құқық бұзушылық бойынша Шымкент қаласы рейтингті бастап тұр, екінші орында Алматы қаласы. Демография бойынша үздік үштікте Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұр. Денсаулық сақтау бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Қызылорда облыстары тізімді бастап тұр. Білім беру бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында балалар мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен толықтай қамтылған, мектептер мен балабақшаларда мұғалім тапшылығы жоқ аймақтар қатарында екен.