Алматы әкімдігі Шымбұлақтағы құны 194 млн теңгеден асатын коттеджді саудаға шығарды, деп хабарлайды KazTag.
«Жалпы ауданы 272,5 ш.м. тұрғын үй – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей Жәнібек хандар көшесі, 489 үй мекен-жайында орналасқан. Мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық сауда алаңында сауда-саттықтың түрі: «мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру және бекіту» деп көрсетілген.
Өтінімдерді қабылдау 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Сауда-саттықты осы күні бастау жоспарланған. Ескеретін жайт, сауда-саттық барысында жалғыз қатысушы болса да, сауда мәмілесі жасалатын болады.
Сатушы ретінде Алматы мемлекеттік мүлік басқармасы шығып отыр. Активтің бағалау құны-Т194 330 000.
Қала картасына сәйкес, бұл Шымбұлақ шипажайына іргелес аумақта орналасқан коттедж екен.