Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беріледі

0
230
Photo by inform.kz

Алматы қаласының әкімдігі 2021 жылғы қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлайды.

Бұл мақсаттағы тұрғын үйлер Наурызбай ауданының»Алма сити-5″ ТК және Алатау ауданының «Мәдениет» ТК  олмақ. Барлығы 1050 пәтер жалға беріледі.

 Оған 29 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің/ техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі немесе  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Олар Алматы қаласында соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растауы тиіс.

Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.

Сондай-ақ, өтініш берушінің ай сайынғы табысы 116 680 теңгеден кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шоты болуы  тиіс.

Өтініштерді және құжаттарды беру Almaty-jastary.info сайты арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі.

Предыдущая статья«Даму» қоры «кепілдік шартына онлайн қол қою» мүмкіндігін ұсынады
Следующая статьяМұнай қымбаттап, теңге әлсіреп барады. Сарапшылар не дейді?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here