АҚШ-тағы инфляция дамушы елдер валютасына қысымды күшейтпек

0
200

АҚШ-тағы инфляция дамушы елдер валютасына қысымды күшейтпек

АҚШ-тың Еңбек статистикасы Бюросы  инфляция туралы мәліметтерді жария етті. Маусым айында АҚШ-тағы айлық инфляция мамыр айындағы 1% -тен 1,3% — ке дейін өсті. Осылайша, жылдық мәнде АҚШ инфляциясы маусымда 9,1% — ды құрады,деп жазады Qarazhat.kz.

Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-та 1981 жылдан кейінгі рекорд қайталанып отыр және сарапшылардың күткенінен де асып түсті (болжам — 8,8% еді). Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға алуға қатысты өтінімдер бойынша деректер өтінімдердің төмен деңгейін көрсетсе, онда ФРЖ ставканы бірден 1% — ға көтеруі ықтимал.

Сарапшылардың пікірінше, АШ-тағы инфляцияның жеделдеуі Америка  экономикасы құлдырауы мүмкін деген қауіпке жетелейді. Мұндай жағдайда инвесторлар тәуекелі зор активтерден — бірінші кезекте дамушы елдерден, тіпті дамыған елдерден, атап айтқанда  — АҚШ-тың қазынашылық облигацияларынан қаржысын алып кетуге тырысады. Бұл криптовалюта нарығы үшін де қиындық тудырады.

Дамушы нарықтың бірі Қазақстан экономикасынан да капитал дамыған елдерге ағылады және доллар одан әрі нығаяды.  АҚШ долларымен айырбас бағамына қысым жасалуы ықтимал. Доллардың индексі қазір 108,4 пунктті құрайды.

Предыдущая статьяҚОҚЫСҚА КЕТКЕН МИЛЛИОНДАР ҚАШАН ҚАЙТАДЫ?
Следующая статьяҚалтаңызда қолма-қол ақша бар ма?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here