Қазақстан экономикасы сенімді өсу қарқынын сақтап отыр

0
326
Photo by: mail.kz

Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5% құрады. Нақты секторда өндірістің орнықты өсу қарқыны байқалып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,3%-ға өсті. Өсім машина жасауда 19,5%, оның ішінде автомобиль жасауда 23,4%, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 59,0%, құрылыс материалдары өндірісінде 9,3%, фармацевтикада 33,6%, пластмасса бұйымдары өндірісінде 36,5%, киім өндірісінде 11,4%, жиһаз өндірісінде 11,8%, дайын металл бұйымдары өндірісінде 16,4% байқалады.

Карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетудің арқасында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік 3,4% өсіммен қалпына келген, бұл байланыс қызметтері (+12,9 %) мен саудадағы (+9,5 %) серпіннің жоғары болуына байланысты. Құрылыс саласы 7,6%-ға өсті. 10 айда елімізде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық. Инвестициялардың өсу қарқыны біртіндеп қалпына келуде – өсім 2,5%, ал тау-кен өндіруді есептемегенде – 14%. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары көрсеткіштері құрылыста (+120,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+78,6%), ауыл шаруашылығында (+41,9%), саудада (+31,4%), жылжымайтын мүлік операцияларында (+17,4%), қаржы қызметінде (+12,1%) байқалады.
Осы жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындылары бойынша Алматы және Жамбыл олыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Ең төменгі көрсеткіштерге Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қол жеткізілді.

Предыдущая статьяҚазақстан банк секторының өтімділік деңгейі жоғары
Следующая статьяҚұны 1 теңгелік мәміле. «ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» меншігіне өтті

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here