photo by https://www.yarosonline.ru/novosti/obshhestvo/beskonfliktnoe-resheniye-voprosov/

Бір жылдан астам уақытқа созылған карантин шектеулерінен кейін биыл күзде көптеген қазақстандық компаниялар жұмысшыларды кеңселерге қайтарды.

Ал, қызметкерлердің 60%-і компания талабы емес, өз өтініштері бойынша жұмыс орнына оралған. Әлеуметтік сауалнама жүргізген Қазақстандағы «Битрикс24» бизнесті басқару қызметінің  сараптама  орталығы осындай қорытынды жасаған.

Сауалнамаға қатысушылардың 64%-і үшін жұмыс орнына оралу еш қиындық туғызбаған. Олардың пайымдауынша карантиннен кейін компаниядағы корпоративтік мәдениет өзгерген. Респонденттердің 2/3 бөлігі үшін ұжым ішіндегі қарым-қатынастар өзгеріссіз қалған.

Сауалнамаға қатысушылардың 44%-і үшін оффлайн форматтағы ең құндысы – үй мен жұмыс арасындағы моральдық айырмашылық, 39%-і үшін – әріптестерімен жеке қарым-қатынас, ал респонденттердің 17%-і үшін кеңсенің артықшылығы — сапалы интернет. Осылайша, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, сондай-ақ әлеуметтік байланыстарды сақтау қазақстандық қызметкерлер үшін офлайнға оралуға негізгі себеп екен.

Ал, кеңседе жұмыс істеудің ең ыңғайсыз тұсы ретінде — ерте тұру,  жол жүру уақыты, жеке уақыттың азаюы мен  сыртқы келбет, тамақ және көлікке жұмсалатын қаржылай шығынды атаған.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі бүгінгі таңда топ-менеджерлердің басты міндеттерінің бірі. Зерттеу барысында жұмысшылардың осы мәселеге деген көзқарасы да зерттелді. Сауалнамаға қатысушылардың 81%-і басшылықтың осы бағыттағы шараларына қанағаттанған. Респонденттер сондай-ақ, әріптестерінің вакцина алуына, кеңселеге  дезинфекция жасалуына, бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға да мән береді екен.

Кеңсені аңсап  оралғандарына қарамастан, қызметкерлердің 62%-і қашықтан жұмыс істеуді қалайды. Бұл дегеніміз ендігі жерде қазақстандық компаниялар жаһандық трендтерді ұстанып,  қызметкерлеріне жұмыс форматын таңдауда икемділік таныту  қажет екенін көрсетеді.

Сармантай Қасенов, Қазақстандағы «Битрикс24» онлайн-сервисінің директоры:

«Біз барлығымыз үлкен өзгерістердің ортасындамыз. Қызметкерлер кеңселерге жаппай оралғаннан кейін де компаниялар жұмыс процесіне деген көзқарастарын өзгерте бастады. Сауалнамаға қатысушылардың 22%-ы ғана кеңседен шыққаннан кейін жұмыс өнімділігі жақсарды деп есептейді. Дегенмен, кеңседе жұмыс істеу – бұл әріптестермен сөйлесу мүмкіндігі, жеке және жұмыс уақытын нақты бөлу. Осы себепті гибридтік формат компаниялар тарапынан да сұранысқа ие болады. Күнделікті қайталанатын тапсырмаларды үйде отырып орындауға болады. Бұл үшін көптеген құралдар. Осы құралдардың барлығын біріктіретін шешімдер де бар. Компаниялар технологияны жұмыс процесіне мүмкіндігінше тиімді түрде енгізу керек екенін түсінуі керек. Ал маңызды мәселелерді талқылау және қарым-қатынас жасау үшін қызметкерлер аптасына екі-үш күн кеңселерде жиналады. Бұл режим дәстүрлі тәсілдің де, қашықтағы жұмыстың да артықшылықтарын барынша арттыруға мүмкіндік береді».

Предыдущая статьяДоллар бағасы өсе ме? AERC сарапшыларының экономикалық болжамы жарияланды
Следующая статьяҚытай экономикасы әлсірей бастады ма?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here