«Қазатомөнеркәсіп» Қытайға уран жеткізбек

0
403
Photo by egemen.kz

Қазатомөнеркәсіп қазақстандық табиғи уран концентраттарын жеткізуге China National Uranium Company Limited және State Nuclear Uranium Resources Development Company Limited компанияларымен екі келісімшарт жасады.  Алайда, Келісімшарттардың көлемі мен шарттары құпия және коммерциялық тұрғыдан сезімтал болғандықтан жария етілмейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясынан» хабарлағанындай, Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен жасалған бұл келісімшарттар Қытайдың таза әрі көміртексіз электр энергиясына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз етуге және екі ел арасындағы атом саласындағы тарихи ұзақ мерзімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады. Қазатомөнеркәсіптің нарыққа бағдарланған Стратегиясы барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құнды құру мақсатында өндіріс, қайта өңдеу және сату көлемдерін оңтайландыруға бағытталған. Қытайлық компаниялармен тығыз ынтымақтастық Қазатомөнеркәсіптің әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді және қалаулы жеткізуші ретіндегі тұрақты беделін айғақтайды, делінген компания таратқан ақпаратта.

Бұл келісімге «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» Коммерция жөніндегі бас директор Асқар Батырбаевтың 2021 жылғы 5-10 қараша күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен China International Import Expo 2021 көрмесіне сапары барысында қол жеткізілген.

Предыдущая статьяAdidas өз өнімдерін қымбаттатпақ
Следующая статьяМемлекеттік борыш өсіп, ұлттық қор қаражаты азайып барады

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here