Бизнестегі гендер теңдігінің рөлі қандай?

0
183

Қазақстандағы бизнес саласында гендер теңдігінің маңызы жоғары, деп жазады Qarazhat. Оған Дүниежүзілік банк тобының мүшесі ұйымының International Financial Corporation (IFC) тапсырысы бойынша Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (AERC)  жүргізген зерттеу негіз бола алады.

Зерттеу қорытындысы — Директорлар кеңесі мен менеджменттегі гендер алуандығы компанияларға — қаржылық көрсеткіштер, акционерлік бағаны арттырудан бастап,  шешім қабылдау процесін жақсартуға дейін бірнеше бағыттар бойынша көмектесе алатынын көрсетті. Зерттеуде Қазақстандағы барлық акционерлік компанияның 77% -і қарастырылды және гендерлік алуандық пен қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы анықталды. Егер 2019 жылы жергілікті акционерлік қоғамдардың шамамен 50% — інің Директорлар кеңесінде кем дегенде бір әйел болыпты. Ал 2023 жылға қарай әйелдердің шешім қабылдау деңгейіне қатысу үлесін 25% -ке дейін жеткізу жоспарлануда. Алайда, гендерлік теңсіздік, оның ішінде қоғамдық стереотиптер мен жалақы алшақтығы әлі де сақталуда.

Зерттеу көптеген жағдайларда Директорлар кеңесіндегі гендерлік алуандық пен компаниялардың қаржылық көрсеткіштері арасындағы оң корреляцияны көрсетеді. Probabilistic linear model (PLM) ұсынған кейбір тұжырымдар мынадай:

Шағын компаниялардың Директорлар кеңесіндегі әйелдер үлесінің 1% -ке ға ұлғаюы — ROA (активтердің рентабельділігі) өсуі — 5% және ROE (меншікті капиталдың рентабельділігі) өсуі  — 8% — ке жетуіне ықпал еткен.

Орташа компаниялардың Директорлар кеңесіндегі әйелдер үлесінің 1% – ға артуы-ROA-ның 14% өсуі және ROE-нің 25% өсуіне септігін тигізген.

Ірі компаниялардың Директорлар кеңестеріндегі әйелдер үлесінің 1% — ға өсуі-ROA-ның 7% — ға өсуі және ROE-нің 6% — ға өсуіне негіз болған.

Осылайша, Қазақстан бойынша эмпирикалық деректер компания менеджментінде әйелдердің болуы — корпоративтік басқару сапасын арттырып, оның тиімділігіне оң әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.

Photo by https://www.ifc.org/

Предыдущая статьяҚазақстанда қолма-қол Ресей рублі көбейді.  Ұлттық банк қанда шара қабылдамақ?
Следующая статьяҚОҚЫСҚА КЕТКЕН МИЛЛИОНДАР ҚАШАН ҚАЙТАДЫ?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here