Бюджеттің мемлекеттік борышты өтеуге жұмсалатын шығындары өсті

0
255

«Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ  2021 жылдың 3 тоқсанындағы мемлекеттік бюджеттің жай-күйі туралы зерттеу нәтижесін жариялады. Оған сәйкес мемлекеттік борыш көлемі өскен, деп жазады Qarazhat.kz.

Ұлттық қордың (ҰҚ) трансферттерін есепке алмағанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 2021 жылдың үшінші тоқсанында салық түсімдерінің қысқаруы есебінен 3.7% — ға төмендеді.

Ұлттық қордың трансферттері 0.3 трлн теңгег  немесе 20% — ға өсті. Трансферттердің  бюджет кірістері құрылымындағы үлесі 31% — ға дейін өсті (2021 жылғы 2-тоқсанда 27%). Ал бюджет шығыстары 2021 үшінші тоқсанында екінші тоқсандағы деңгейінде болды, нәтижесінде үшінші тоқсанда бюджет тапшылығы  алдыңғы тоқсандағыдай, 0.5 трлн теңгеге артып, 1.7 трлн теңгені құрады

2021 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет тапшылығының  үздіксіз ұлғаюы салдарынан Қаржы министрлігі  үшінші тоқсанда  алған қарыз үшінші өткен тоқсан деңгейінде, яғни  0.5 трлн. Теңге болды. Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік қарыз . мөлшері  5.8% — ға 21.8 трлн теңгеге дейін өсті. Мемлекеттік борыштың өсуі  салдарынан оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бюджеттің жалпы шығындарының  7% — не дейін ұлғайды.

Предыдущая статьяҚазақстаннан қара металл сыртқа көптеп сатылуда
Следующая статьяЭкология министрі утилалымның есебін бере ме?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here