08.06.2023
Сіздің жарнамаңыз, оқырман
Google search engine
500 теңге. КТК телеарнасы саудаға шығарған әр акциясының құны екен. Оны еліміздегі ең дәулетті құрылымдардың бірі «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» сатып алыпты,- деп жазады Qarazhat. «БЕСсимптомно» телеграм арнасының хабарлауынша "Коммерческий телевизионный канал" АҚ  2 396 156 қарапайым акциясын сатып алу туралы мәміленің жалпы сомасы 1 198 078 000 теңге болған. Алайда, «Нұрсұлтан...
Таяу күндері Қайрат Сатыбалды мырзаға тиесілі компания «Қазақтелеком» акцияларын Үкіметке қайтаратыны белгілі болды. Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады .   «Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке...
Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде жанармай арзандамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qarazhat, KazTag агенттігіне сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі қазіргі геосаяси жағдайлардың әсерінен ресейлік мұнай өнімдері арзандауы мүмкін, алайда оның өзі бүгінде қымбатырақ, өйткені Қазақстан мен Ресей Федерациясының бағалары арасында өте үлкен айырмашылық болды, деді. Оның сөзінше...
Қазақстан экономикасын беймонополиялау үшін комиссия құрылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканы монополиядан арылту туралы міндет жүктеген болатын.   Осы мақсатта ҚР Үкіметі жанынан экономиканы беймонополиялау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ...
Елдегі көлік құралдарына қатысты утилизациялық алым - қоғам назарын аударып отырған, мәселенің бірі. Оны жинаумен айналысатын РОП ЖШС-ның  бірінші Президент отбасымен байланысы бары да айтылып жүрген еді. 2016 жылдан бастап көтерілген утилизациялық алымның кесірінен елде көлік бағасы шарықтап кеткені анық. Бұл мәселе Президенттің құлағына жетіп, аты  жаңа, құрамы аса жаңара...
«Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ  2021 жылдың 3 тоқсанындағы мемлекеттік бюджеттің жай-күйі туралы зерттеу нәтижесін жариялады. Оған сәйкес мемлекеттік борыш көлемі өскен, деп жазады Qarazhat.kz. Ұлттық қордың (ҰҚ) трансферттерін есепке алмағанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 2021 жылдың үшінші тоқсанында салық түсімдерінің қысқаруы есебінен 3.7% - ға төмендеді. Ұлттық...
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асқан қаражатты алмас бұрын әрбір қазақстандық болашақта алатын ақшасын ойлауы тиіс. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутованың пікірі осындай. Kase Talks-тың кезекті шығарылымына қатысқан қаржыгер БЖЗҚ-дан қаражатты мерзімінен бұрын алуға қатысты пікір білдірді, деп жазады Kapital.kz.Елена Бахмутованың пікірінше бұрын зейнетке шыққан ер адам орта есеппен...
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, агенттікте тіркеуден өткен және жұмыс істейтін коллекторлық агенттіктердің тізімін жариялады. Тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктер тізімінде 277 компанияның атауы, мекен жайы және басшысы туралы толық мәлімет бар. Ал, жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер тізіміндегі компаниялар саны 195. Мұнда да агенттіктің орналасқан жері мен басшылығы туралы толық...