«Даму» қоры «кепілдік шартына онлайн қол қою» мүмкіндігін ұсынады

0
439
Photo by 7Kun.kz

«Даму»  кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаеваның айтуынша, кепілдік беру шартына онлайн қол қою – біздің кәсіпкерлер үшін өте маңызды және айта жүрерлік функция. Оның арқасында процедура ашық өтеді, адамның адамға күні түспейді, кәсіпкердің, әсіресе алыс елді мекендерде жұмыс істейтіндердің уақытына да үнем.

Гаухар Бурибаеваның дерегінше кепілдік сұрайтын өтінімдердің 72%-ы қорға  онлайн келіп түседі. Сондықтан, осы кәсіпкеррдің барлығы кепілдік берілген кезде шартқа да онлайн қол қоюға ниетті. 2021 жылдың үш тоқсанында «Даму» қоры  кепілдік сұраған 12,4 мың өтінімді мақұлдаған.  Бұл – былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есе артық.

Жалпы, «Даму» қры цифландыру процесін ерте қолға алған құрылымдардың бірі. Қорда кепілдікке өтінімді онлайн беру процесі 2016 жылы енгізілген. Оның арқасында кәсіпкерге өз өтінімінің қай деңгейде қаралып жатқанын жеке кабинетінде бақылап отыруға мүмкіндік туды. Ал енді «Даму» Қорының тағы бір бастамасы – кепілдік шартына қол қою да цифрланды.

Қордың тағы бір қолдау құралы – субсидия бойынша шарт жасасқанда ЭЦП арқылы қол қою процесін «Даму» Қоры 2019 жылы енгізген болатын. Ол кезде де тараптардың шартқа қол қою рәсімі бір-ақ жұмыс күніне дейін қысқарып, оңтайланған еді. Кәсіпкерлер бұл опцияны қуана қабылдаған болатын. 2019 жылы ЭЦҚ қолдану арқылы онлайн қол қойылған құжаттар саны 1700, 2020 жылы – 23000 құрады, ал 2021 жылдың үш тоқсанында 36800 шарт пен оларға қосымша келісімдерге қол жеткізілді.

Барлық процесті барынша автоматтандырудың арқасында «Даму» Қоры өтінімдерді толық қамтып қана қоймай, сонымен қатар өтінім берушілерге қызмет көрсету процесін айтарлықтай жеделдете алды.

Сөйте тұра «Даму» Қоры әкімшілік шығындарын азайтып, қызметкерлер штатын оңтайландырды.

Ақпарат Damu.kz сайтынан алынды.

Предыдущая статья«Еуразиялық банк» рейтингтерінен айырылды
Следующая статьяАлматыда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беріледі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here