Биылғы жылдың соңына қарай теңгенің долларға шаққандағы бағамы 426,3 теңге болады деп күтіледі. Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының (AERC) болжамы осындай.

Қазақстанның макроэкономикалық шолуын әзірлеген сарапшылардың болжамынша Brent маркалы мұнай құны 68,6 долларға тоқтайды. Ал, 2022 жылы доллар бағамы 430,4 теңге айналасында тұрақтайды деп болжануда. Сарапшылардың бағалауынша көмірсутегіне сұраныстың артуына қарамастан, Brent  сұрыпты мұнай бағасы 66,0 доллар болады деп күтілуде.

Қазақстандағы номиналды ақшалай кіріс 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 12,2%-ке өседі деп болжап отыр, орталық сарапшылары. Шілде айында халықтың номиналды ақшалай кірісі 10,5% деңгейінде болжанған. Көрсеткіштің өсуіне Қазақстанда номиналды еңбек ақының қарқынды өсуі себеп болған.

Ал,  алдағы жылы халықтың номиналды кірісі биылғы жылмен салыстырғанда 12%-ке ұлғаймақ. Бұл Президент Тоқаевтың минималды еңбек аұыны көтеру туралы шешімімен байланысты.

AERC сарапшыларының болжамынша жылдық орташа тұтыну инфлициясы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда  7,8% деңгейінде қалыптаспақ. Оған проинфлициялық бірқатар фактор себеп боолып отыр: шикізат бағасы, минералды ресурстар бағасының өсуі, Қазақстанның сауда серіктестес мемлекеттеріндегі бағаның өсуі. Алайда алдағы жылы сарапшылардың болжамынша инфлицияны тежеу бойынша шаралар қабылдануына байланысты жылдық орташа тұтыну инфлициясы 6,5% деңгейінде қалыптасады. Дегенмен бұл көрсеткіштің өзі Ұлттық Банк болжамынан жоғары.  

Ал, орталық сарапшылары Қазақстанның нақты ЖІӨ 2021 жылы 3,8%, 2022 жылы 4% өседі деп болжап отыр.

Қазақстанның макроэкономикалық шолуының толық нұсқасын сілтемеден өтіп оқуға болады.

Следующая статьяҚазақстанда кеңседе жұмыс істегісі келетін қызметкерлердің саны артқан

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here