Доллар  индексі өсіп барады. Бұл нені білдіреді?

0
279

Доллар  индексі 100 пункттен асып барады. Оны investing.com  сайтының деректерінен анық көруге болады. Мұндай жағдай соңғы рет 2020 жылдың басында болған. Доллар индексінің көтерілуі – оның бағасы қымбаттайтынының белгісі. 2020 жылы наурыз айының 31-інде 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 448,01 теңге болған екен, деп жазады Qarazhat.

Доллар индексін 1973 жылы JP Morgan жасаған болатын. Сол уақыттан бастап бұл индекс Еуропада бірыңғай еуро валютасы енгізілген кезде ғана жаңартылды.

Индекстің базалық мәні 100 пункт. Мысалы, 107,5 п. деңгейі доллардың құны бастапқы тарихи мәнінен 7,5% өскенін білдіреді. 1973 жылдың наурызы базалық кезең ретінде таңдалды, өйткені сол кезден бастап ірі сауда елдері  айнымалы валюта бағамын енгізді. Бұл келісімге Вашингтондағы Смитсон институтының конференциясында қол қойылды.  Бұл одан 25 жыл бұрын Бреттон-Вудста бекітілген, алайда сәтсіз болған  валюта бағамын белгілеу  саясатын алмастырды.

Доллар индексі АҚШ долларының алты шетел валютасы қоржынына қатынасы. Доллардың еуро (EUR),  йен (JPY), фунт стерлинг (GBP), Канада доллары (CAD), швед кроны (SEK) және Швейцария франкі (CHF) бойынша өлшенген орташа қатынасын білдіреді.

Ондағы еуро — 57,6%,  йен — 13,6%,  фунт стерлинг — 11,9%,  Канада доллары — 9,1%, швед кроны — 4,2%, Швейцария  франкі — 3,6%.  Осылайша, құрамында еуроның да бар екенін ескерсек, доллар индексінде 24 мемлекеттің валютасын ұсынылған деп айтуға болады.

Предыдущая статьяДүниежүзілік Банктің жаңа болжамы: Қазақстанның ахуалы қалай?
Следующая статьяРесейліктер ақшасын жаппай елден әкете бастады ма? 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here