Дүниежүзілік Банк аймақтағы геосаяси қақтығысқа байланысты Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ЖІӨ –нің өсім деңгейіне қатысты жаңа болжам жариялады, деп хабарлайды Qarazhat. Оған сәйкес, Қазақстанның ЖІӨ көңіл көншітерлік деңгейде емес. Банктің есептеуінше Қазақстанның нақты ЖІӨ 2022 жылы 1,8% пайыз өсім көрсетпек
2022 жылғы қаңтарда Дүниежүзілік Банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 2022 жылы 3,7% — ға өседі деген болжам жасаған еді. Жаңа болжамға сәйкес 2022 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 1,9% — ға төмендеген. Қазақстан үшін 2022 жылға арналған инфляция болжамы да артты: қазір Дүниежүзілік банк Қазақстанда инфляция 2022 жылы 10,5% деңгейінде қалыптасады деп күтуде.
Сонымен бірге, Дүниежүзілік Банк Ресейдің ЖІӨ 2022 жылы 11,2% — ға, ал Украина 45,1% — ға төмендейді деген болжам жасап отыр. Ресейдің экономикалық өсімі күрт төмендеуімен қатар, Дүниежүзілік банк 2022 жылы Ресейдегі инфляция 22% деңгейінде болады деп болжайды.
Дүниежүзілік банктің Украинаға қатысты болжамы да көңіл көншітерлік емес. Украинадағы инфляция 2022 жылы 15% деңгейінде болады деп болжануда.
Кестеде Ресей — Украина қақтығысының Орталық Азиядағы өзге елдерге тікелей әсер ету картасы көрсетілген.Оған сәйкес, Қазақстандағы Ресей (қызыл аймақ) импорты ең жоғары тәуекел аймағында екенін байқауға болады.