Елімізде кейбір шикізат түрлерінің экспорты төмендеді

0
118

 2021 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан шетелге жөнелтілген уран 37% — ға қысқарды, деп хабарлады Ұлттық банк.

«Экспорттың төмендеуіне Қазақстаннан ірі уран сатып алушыларға жеткізілетін радиоактивті элемент көлемінің азаюы себеп болған. Жалпы биыл Қытайға –443 млн$ , Үндістанға – 74 млн$, Францияға 11 млн$ және Канадаға — 6 млн$ сомаға уран жөнелтілген.  Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта негізгі сатып алушы Ресей,  көрші елге қазақстандық уранның экспорты 23,8 млн$, яғни  оның уран экспортындағы үлесі 21% — дан 37% — ға дейін өсті.

Сондай-ақ, Қазақстаннан сыртқа сатылатын газ көлемі де қысқарған. Төмендеу себептерінің бірі-газға деген ішкі сұраныстың өсуі.

Әсіресе, Қытайға, сондай-ақ Швейцария, Украина, Ауғанстан және Германия сияқты елдерге газ жеткізу айтарлықтай қысқарды, деп атап өтті Ұлттық Банк.

Предыдущая статьяҚаржы реттеушісі ескертеді: алаяқтардан абайлаңыз!
Следующая статьяҚазақстаннан қара металл сыртқа көптеп сатылуда

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here