Елімізде миллионерлердің қатарына әкімдер де қосылды

0
329
Соңғы кезде БАҚ беттерінде әкімдердің жалақысына қатысты ақпарат көбейді . Younews.kz порталы әкімдердің жалақысына қатысты зерттеу жүргізген екен. Порталдық анықтауынша соңғы жылы әкім-қаралардың жалақысы 100%-тен астам, ал қарапайым халықтікі .... 

Портал ашық дереккөздерден әкімдердің 2020 жылы қандай жалақы алғаны туралы ақпаратты тауыпты және оны қазіргі көрсеткіштермен  салыстырған. Кейбір облыстар мен қалалар әкімдерінің жалақысы мысалға алынған.

Биыл жазда Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі — факторлық-балдық шкала (фбш) енгізілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанованың айтуынша, бұл жүйе мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады. Шенеуніктердің жалақысы жұмыстың көлемі мен күрделілігіне байланысты болады. Айтпақшы, агенттік олар факторлық-балдық шкала  жауапкершілікті арттырып, мотивацияны күшейтеді деп сенген. Ал Гүлшара Әбдіқалықова жалақының өсуіне жаңа жүйеніғ енгізілуі тікелей себеп болғанын айтты.

Шамасы, факторлық-балдық шкала  енгізілгелі  әкімдердің жұмысы күрт күрделеніп кеткен секілді, өйткені олардың жалақысы едәуір өсті. Мысалы:

  1. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қазір 1 856 170 теңге алады, жыл бұрынғы еңбекақысы — 775 106 теңге болған. Жалақысы 2,4 есе өсіпті.
  2. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдікқалықова  1 800 000 теңге алады, жыл бұрын-986 000 теңге болған. Өсім 1,8 есе.
  3. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 1 977 890 теңге  алады. жыл бұрын осы лауазымда отырған Серікбай Тұрымов 780 116 теңге алған. Айлық 2,5 есе өсіпті.
  4. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің айлығы 1 978 188 тенге, жыл бұрын — 762 000 теңге алатын. Оның да айлығы 2,5 есе өскен.
  5. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айлығы биыл -783 503 теңге болды, былтыр -441 074 теңге алатын. Оның айлығы 1,7 есе өсіпті.

Көріп отырғанымыздай факторлық-балдық шкала  әкімдердің материалдық жағдайын айтарлықтай жақсартты. Алайда, бұл шкала әкімдерге ғана қатысты емес,  өйткені  мұнда жалпы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы сөз болып тұр.  Бұл жүйе саяси мемлекеттік қызметшілердің де, «А» корпусы мен «Б»корпусы қызметшілерінің де еңбегіне ақы төлеудің жаңа тәсілін білдіреді. Жалақыны қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызмет лауазымы, және мемлекеттік органдардың (орталық және өңірлік) қызметкерлерін көтермелеу мен ынталандырудың әртүрлі формасы ескеріледі.

Сонымен қатар мұғалімдерге еңбекақысы  25% артты, оған қоса педагог санатына және басқа да кәсіби факторларға байланысты 30-50% — дейін өсірілуі тиіс.

Әкімдердің жалақысы орта есеппен 2,1 есе өскен.  Басқаша айтқанда,  110% — ға өсті. Қарапайым  халыққа келсек…

11 қарашада Ұлттық банк Қазақстанда жыл басынан бері орташа жалақы 17,3% — өсті деп мәлімдеген болатын. Ал,  Younews.kz  порталының дерегінше, бұл көрсеткіш нақты мәнде тек 8,8% -ті ғана құрайды.

Предыдущая статьяТәуелсіз директорлары миллиондап сыйақы алатын «Қазпошта» тақырға отыра ма?
Следующая статьяШектен шыққан «шек»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here