
Moody ‘s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-ның барлық рейтингтерін қайтарып алды, деп хабарлады халықаралық агенттік.
«Moody ‘s өз бизнесінің себебінен рейтингтерді қайтарып алуға шешім қабылдады», — делінген агенттік сайтында.
«Еуразиялық банк көлемі орташа, жеке банк, ол 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы 22 банктің ішінен жалпы активтердің мөлшері бойынша сегізінші орынды иеленді, банктің ҚР банк жүйесі жиынтық активтеріндегі үлесі 4%. Банк стратегиясы — бөлшек және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуге баса назар аудара отырып, әмбебап банк ретінде даму», деп нақтылайды Moody’s.
Естеріңізге сала кетейік, 2 мамырда Moody ‘s «Еуразиялық банк» АҚ бойынша болжамды «тұрақты» -дан «теріс» деп өзгерткен еді.
Сондай-ақ, Moody ‘s Банк RBK рейтингін екі ай бұрын іскерлік себептермен қайтарып алған болатын