Еуро мен доллар тайталасы: әлемде қайсысы басым түспек?

0
152

Жақында Goldman Sachs Еуроаймақтың 2022 жылы АҚШ-қа қарағанда жылдам қарқынмен өсетінін болжап, ЕО валюта аймағы  4,4% және АҚШ ЖІӨ  3,5% өседі деген болжам жасады, деп жазады Qarazhat.

Дүниежүзілік Банктің қаңтар айында жасаған соңғы болжамы әлі күнге дейін АҚШ-тың алда екенін көрсетеді, кем дегенде 0,1% маржамен, ал ХВҚ-ның жаңа болжамы әлі жарияланған жоқ.

Биылғы жылы экономикалық өсімде кімнен асып түсетіні туралы шешім әлі қабылданбағанмен, Еуроаймақтың өсіп келе жатқан экономикалық күші мен халықаралық маңыздылығын көрсететін басқа да көрсеткіштер бар.

2021 жылы әлемдегі барлық төлемдердің шамамен 37% — ы еурода жасалды, АҚШ долларындағы көрсеткіш 40%

 2020 жылдың басында бұл көрсеткіштер сәйкесінше шамамен 32% және 42% құрады, бірақ 2020 жылдың ортасында жағдай өзгерді, содан бері екі негізгі әлемдік валютаның айналымдағы крсеткіштері арасындағы алшақтық қысқара берді.

Халықаралық Swift төлем желісінің деректері көрсеткендей, еуродағы жаһандық төлем транзакцияларының жалпы құны АҚШ долларының құнына жақындады, яғни еуромен жасалатын операциялар саны анағұрлым ұлғайған.

2020 жылдың қазан айында Еуро транзакцияларының құны АҚШ долларынан да асып түсті,  бұл құбылыс ұзаққа созылмаса да, коронавирустық пандемия басталғалы әлемдік аренадағы екі валюта арасындағы алшақтық айтарлықтай төмендеді. Бұған ЕО-ның қазіргі дағдарыс жағдайында өз экономикасын қолдау және нөлдік пайыздық мөлшерлемемен жалғасып жатқан салық-бюджет саясатын қолдау жөніндегі үйлестірілген күш-жігері  себеп болуы ықтимал.

Сонымен бірге, CNBC мәліметтері бойынша , президент Джо Байденнің  «бұрынғыдан да жақсы етіп қалпына келтіреміз» дегенге саятын экономикалық пакетіне қатысты  белгісіздік сақталып отыр, бұл да АҚШ экономикасы мен оның өсуіне деген сенімді әлсіретуде.

Еуроаймақтың әр түрлі елдері арасындағы халықаралық төлемдерді қоспағанда, әралуан  валюта аймақтарындағы екі субъект арасындағы төлемдерді қатар қарастырғанда әрине, АҚШ доллары әлемдік сауда валютасы ретінде артықшылықтарды сақтайды.  Алайда, экономистер еуроның  екінші ойыншы ретіндегі  нығаюы мен жалпы халықаралық жетістігі таң қаларлық деп санайды, өйткені АҚШ доллары осы уақытқа дейін халықаралық саудада жалғыз валюта болып келді.

Photo: ашық дереккөздерден

Предыдущая статьяҚазақстан ауқатты адамдар үшін жайлы ма?
Следующая статьяУкраина-Ресей қақтығысы теңге бағамын құлдыратты. Биржадағы соңғы деректер

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here