Moody ‘ s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Jusan Bank-тің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтерін «тұрақты» болжамымен B1 деңгейінде растады, деп жазады Qarazhat, finmarket.kz сайтына сілтеме жасап.
Moody ‘ sсарапшыларының хабарлауынша Jusan Bank, басқа екінші деңгейлі банктермен қатар, операциялық қызмет тұрғысынан да, өзінің кредиттік қабілеттілігі тұрғысынан да елдегі әлеуметтік және саяси тәуекелдердің өсуіне орнықтылықты көрсетеді.
2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардың ел экономикасы үшін маңызды болғанына қарамастан,ол оқиға Қазақстандағы халықтың және бизнес-сегменттің қаржылық әлеуетіне кері әсерін тигізген жоқ және қазақстандық банктер үшін тек шектеулі операциялық шығындарға әкеліп соқты деп нақтылады, рейтинг агенттігі.