Назарбаевқа тиесілі компания әділетсіз мәміле шығынын халыққа қайтарды

0
240

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Назарбаев қоры» арқылы тиесілі Jusan Ventures компаниясы БЖЗҚ-ға 196 млн теңге қайтарды деп жазады Qarazhat.   

Бессимптомно телеграмм арнасының жазуынша, бұдан бұрын Jusan Ventures  БЖЗҚ –ның портфеліндегі  «KazTransCom» компаниясының 77 073 дана қарапайым акцияларын 8 297 теңгенің орнына  5 750 теңгеге сатып алғаны жария етілген болатын, БЖЗҚ-ның хабарлауынша сотқа дейінгі шағымдану барысында  «Jusan Ventures» баға айырмашылығынан туындаған сома 196 304 931 теңгені зейнетақы қорына қайтарған.

Бұдан бұрын «KazTransCom» миноритарлы акционерлерінің бірі «Jusan Ventures» өзінен акцияларды нарықтық бағадан төмен сомаға сатып алғаны үшін, сотқа шағымданып, жеңіп шыққан болатын.  Апелляциялық сот та  Райхан Ниязованың Jusan Ventures компаниясына қатысты  залалды өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін қолдады.

«KazTransCom» акцияларының 95%  иеленіп отырған «Jusan Ventures»  ісі бойынша миноритарийлерден акциялардың 0,14% кері сатып алынған еді. Сол кезде компания Ниязованың акцияларын нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен мәжбүрлеп сатып алған. Тәуелсіз бағалау  бір акцияның құнын 8 297 деп белгілегенімен  «Jusan Ventures»  5 750 теңгеден төлеген. Бұл ретте, мажоритарллы акционерлердің бірінен акциялар 9 291 теңгеден сатып алынды. Осылайша, инвестор Ниязоваға елеулі шығын келтірген, сатып алу бағасы мен әділ баға арасындағы айырмашылық  8 685 270 теңгені құрады.

Сот барысында «Jusan Ventures» акциялар үшін нарықтық құнды төлеу керек екенін мойындады, бірақ мұндай нарықтық құн белгілі болған соңғы күнмен төленуі керек деп мәлімдеді. Сот нарықтық баға сатып алу туралы мәміле жасалған күні белгіленетінін көрсете отырып, мұндай көзқараспен келіспеді. Сол күні акциялардың нарықтық бағасы талап етілмегендіктен, KazTransCom акциялары ұзақ уақыт бойы өтімсіз болғандықтан және сол күні биржада саудаланбағандықтан, олардың нарықтық құнын анықтау үшін тәуелсіз бағалаушыны тарту орынды болды.

Сол кезде сарапшылар бұл жеңістің ірі акционер – БЖЗҚ үшін белгі болуы тиіс екенін атап өткен еді. Бұл ақша ҚР зейнетақы жүйесіне, яғни әрбір қазақстандыққа қайтарылуы мүмкін деп ескерткен еді.

Предыдущая статьяҚаржы реттеушісі «Банк ЦентрКредит» пен «Альфа-Банк» арасындағы мәмілеге келісім берді
Следующая статьяҚазақстан Ресей мен Белорусь жүк тасымалдаушыларына шектеу қоймайды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here