Үкімет өзі бөлген қаржыны өзі бақыламақ па?

0
335

Қазақстанда Ұлттық жобаларға бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізу үшін арнайы комиссия құрылмақ.  Оның құрамы негізінен Үкімет мүшелерінен жасақталмақ. Үкімет арнайы қаулының жобасын әзірледі.

Құжатқа түсіндірме жазбада «Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын одан әрі іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — делінген.

Үкімет қаулысының жобасы мынадай: «Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың мониторингі бойынша тұрақты жұмыс істейтін арнайы комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін».

Президент өкімінің жобасына сәйкес комиссия құрамына 15 министрден өзге депутаттар, агенттік басшылары кіреді деп күтіледі:

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, комиссия төрағасы;

Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары;

Дәурен Кеңбейіл, Қаржы вице-министрі, комиссия хатшысы;

Қайрат Келімбетов,  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
Бейбіт Атамқұлов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі;

 Серікқали Брекешев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Аида Балаева, Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Анатолий Бойчин, Парламент Мәжілісінің депутаты;

Нұрлан Бекенов,  Парламент Сенатының депутаты, қаржы-бюджет комитетінің мүшесі,

Мұрат Бектанов, Қорғаныс министрі;

Әсет Ерғалиев,  Ұлттық экономика министрі;
Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар министрі;

 Абылай Мырзахметов, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы;

 Бағдат Мусин, Цифрлық даму және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі;

Мұхтар Тілеуберді, Сыртқы істер министрі;

Мағзұм Мырзағалиев, Энергетика министрі;
Ербол Қарашөкеев, Ауыл шаруашылығы министрі;

Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт министрі;

Бақыт Сұлтанов, Сауда және интеграция министрі;

Серік Шапкенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі;

 Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы (келісім бойынша);

 Кәрім Мәсімов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Жанат Элиманов, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);

Серік Жұманғарин, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісім бойынша).

Предыдущая статьяАлматы әкімдігі коттедж сатады
Следующая статьяТіркелген және жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер тізімі белгілі болды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here