Дариға Назарбаева көрермен көңілін 500 теңге төлеп, сатып алды ма?

0
124

500 теңге. КТК телеарнасы саудаға шығарған әр акциясының құны екен. Оны еліміздегі ең дәулетті құрылымдардың бірі «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» сатып алыпты,- деп жазады Qarazhat.

«БЕСсимптомно» телеграм арнасының хабарлауынша «Коммерческий телевизионный канал» АҚ  2 396 156 қарапайым акциясын сатып алу туралы мәміленің жалпы сомасы 1 198 078 000 теңге болған. Алайда, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» акцияның ақысы деп, құны жоғарыда аталған сомаға пара-пар болатын, медиақұрылымға қажет құрал-жабдық беріпті.

Аталған телеграм арнасы 28 ақпан күні КТК АҚ акционерлерінің жиналысында 2 622 850 дана қарапайым акция шығару арқылы қоғамның акцияларын 8 152 925 данаға жеткізу туралы шешім қабылдағанын жазған болатын. Ал, 14 наурыздағы акционерлер жиналысында 2 622 850 дана (яғни жаңа шығарылған) акцияны сатылымға шығару туралы шешім қабылданған.

Бір қызығы бұл мәміле жасалмас бұрын да «Коммерческий телевизионный канал» акционерлік қоғамы акцияларының 91,36%-і «Нұрсұлтан Назарбаев қорына» тиесілі болған. 5,81%  «TV Media Advertising Agency» ЖШС меншігінде. Соңғы аталған серіктестік Қазақстандағы ең ірі жарнама агенттігі, Валерий Сафонов есімді басшысы да Дариға Назарбаеваның ескі серіктерінің бірі деседі.

Осылайша, КТК телеарнасының екі акционері де бір есіммен тығыз байланысты. Дариға Назарбаева  — «Нұрсұлтан Назарбаев қорын» басқарады.

Фотосурет ашық дерек көзінен.

Предыдущая статья«Сатыбалды, бересалды». Kcell-дің акцияларын да бере сала ма?
Следующая статьяМұнай өңдеу зауыттарына бөлінген 20,5 млрд теңге қолды болған

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here