Бүгін Сенат 2022-2024 жж арналған бюджет жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды.
Осы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде бейүкіметтік сектор қарызының мемлекеттік қарызға айналған жағдайлары бар екенін мәлімдеді. Оның сөзінше Үкіметтік емес қарыз бірте-бірте қандай да бір тәсілмен мемлекеттік қарызға айналатын жағдайлар бар. Яғни, республикалық бюджет есебінен мемлекет осы қарызды өтеуге мәжбүр болады екен.
Оның айтуынша, мемлекет кепілдік берген қарыздар санаты бар. Бұл-үкіметтік емес борыш, бірақ оған мемлекет кепілдік береді. Мұндай қарыздар бүгінде Т1 трлн-ға бағаланады және жыл басынан бері бұл қарыз Т125 млрд-қа өсті.
Мемлеке кепілдік беретін қарыз жыл басынан бері 125 млрд теңгеге өскен
Әшімбаевтың сөзінше 2022 жылғы бюджет жобасында мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге Т1,2 трлн қарастырылған. 2026 жылға қарай, егер тағы үстіне қарыз алмаса бұл сома Т2, 5 трлн деңгейінде болады деп күтілуде, ал үкімет сырттан қарыз алса, онда оны қайтаруға қарастырылатын соманың да көлемі өседі. Сенат Үкіметтің мемлекеттік қарызды тұрақтандыру желісін қолдайды.