Бүгін Қазақстан қаржы жүйесі үшін ерекше күн – Ұлттық валюта күні. Ол 1993 15 қараша – Тәуелсіз Қазақстанның ақша бірлігі –теңге айналымға енгізілген болатын.
Ал, еліміздің Ұлттық экономика министрлігі 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасын ұсынды. Құжатта саладағы түйінді проблемалар мен тұжырымдаманы ұсынуға негіздеме келтірілген. Атап айтқанда, еліміздің Ұлттық қорындағы қаражат, мемлекеттік борышқа қатысты деректер бар.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Қор (ҚРҰҚ) қаражатын пайдалануының артуы мен мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты 2016 жылдан бастап ҚРҰҚ валюталық активтерінің жыл сайынғы төмендеу үрдісі (2016 жылғы 72 млрд. доллардан 2020 жылы 58,7 млрд. долларға дейін) байқалады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚРҰҚ валюталық активтері 57 млрд. долларға дейін төмендеді, ағымдағы жылдың 9 айында ол 55 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.
2020 жылдың соңында ҚРҰҚ қаражатының көлемі 28,2 трлн. теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 39,5%.
Коронакризистің салдары бюджеттің тұрақтылығына қауіп артты. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша тапшылық және мұнайға қатысты емес тапшылық, мемлекеттік борыш және борыштық жүктеме қағидалары бұзылды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 3,1%-ды құрады. 2021 жылға тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 3,5% деңгейінде жоспарланды. Бұл 2018 жылдан бергі ең жоғары деңгей.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Жалпы Ішкі Өнімге қатысты мемлекеттік борыш 29,4%-ды құрады.
2020 жылы мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы өсіп, ЖІӨ-ге қатысты 11,6%-ды құрады, 2021 жылы оның ЖІӨ-ге қатысты 10,6%-ға дейін болмашы төмендеуі кезінде мұнайға қатысты емес тапшылықтың мұндай деңгейі мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тым жоғары.
Бюджеттің созылмалы тапшылығы мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге және бюджетке борыштық жүктемеге қатысты өсуіне әкелді.
Бұдан басқа, мұнай бағасының төмендеуінің кезекті раундтары туындаған сайын мемлекеттік борыштың өсуі жеделдейді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік борыш 2013 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 12,5%-дан ұлғайып, ЖІӨ-ге қатысты 29,4%-ды құрады. Осы кезеңде номиналды мәнде мемлекеттік борыш 4,7 есе өсті (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 20,6 трлн. теңге, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 4,4 трлн. теңге). Оның өсу үрдісі жалғасуда. 2021 жылы мемлекеттік борыш ЖІӨ-ге қатысты 30,6%-ға дейін өсті.
Бұл ретте үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша республикалық бюджеттің шығыстары 2015 жылғы 296,5 млрд.теңгеден 2021 жылғы 1,1 трлн. теңгеге дейін өсті.
Нәтижесінде бюджетке борыштық жүктеме деңгейі 2013 жылғы республикалық бюджет кірістерінің 9,7%-ынан (ҚРҰҚ-тан трансферттерді қоса алғанда) 2020 жылы 13,1%-ға дейін ұлғайды.
Жаңа бюджеттік қағидалар жүйесін құру негізінде қолданыстағы бюджеттік модельді қайта қарау қажет» , делінген құжатта.