Отбасы банкі біржолғы төлемге қатысты жаңа талаптар жариялады

0
193

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдалану мақсаттарын растау 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Бүгін Отбасы банкі баспасөз мәлімдемесін жариялап, қазақстандықтар жыл аяғына дейін зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттеріне аударып үлгеретінін мәлімдеді.

Банктің ақпаратына сәйкес, бұл тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдану ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін мүмкін болып отыр. Бұл алдағы аптада іске асады деп күтілуде. 16 желтоқсаннан бастап  іске қосылатын жаңа қызметті пайдалану үшін бірнеше қадам орындау қажет.

ЭЦҚ арқылы www.enpf-otbasy.kz платформасына өтіп, жеке кабинетте, депозит пен арнайы ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеру керек. Жарамды депозит бар болып, арнайы ағымдағы шот жоқ болған жағдайда, платформадағы өтінімге қол қою керек, сонда автоматты түрде арнайы ағымдағы шот ашылады. Ал депозит жоқ болса, оны Отбасы банкінен алдын-ала ашып қою қажет.

 Осы әрекеттер орындалғаннан кейін, www.enpf-otbasy.kz порталында өтініш қалыптасып, БЖЗҚ-ға жіберіледі. БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырып, біржолғы зейнетақы төлемді Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударады. Сол жерден қаражат депозитке түседі.

Ескеретін жайт, біржолғы зейнетақы төлемі түскен депозиттер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің стандартты шарттарына бағынатын болады. Яғни, жинақ шоттарына 2% банк сыйақысы мен 20% мемлекеттік сыйлықақы (200 АЕК-тен аспайтын бір жылдық жинақ сомасына) есептелетін болады.

  • Отбасы банк депозитіне айдарылған біржолғы зейнетақы төлемін қолдана отырып баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем 3 жылдың ішінде рәсімделуі қажет. Егер банк клиенті бұл аралықта зейнетақының артық қаражатын пайдаланып үлгермесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  •  Ескеріңіз: депозитті жауып, зейнетақы төлемдерін алу мүмкін болмайды. Шот жабылған жағдайда, қаражат БЖЗҚ-ға қайта аударылады.
  •  Мұндай депозит туыстарға табысталған жағдайда да, банк шотындағы БЗТ қаражаты зейнетақы қорына қайтарылады.
  • Депозитті бөлген жағдайда, азаматтар жеке жинақтаған қаражаттарын ғана алуға құқылы.
  •  БЗТ белгісі бар депозиттер бір салымшыға тиесілі болған жағдайда біріктіруге рұқсат етіледі.
  •  Интернет-банкингте БЗТ белгісі бар депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды сондай-ақ үшінші тараптың кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.
  •  Отбасы банкіндегі БЗТ белгісі бар депозиттердегі қаражатты салымшының басқа қарыздық міндеттемелері бойынша өндіріп алу мүмкін болмайды.

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

— тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);

— Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;

— жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланып, бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігі  де қарастырылған.

Тағы бір өзгеріс БЗТ пайдалану мақсаттарын растау мерзіміне қатысты. Ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін өзгертілді.

Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсат таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады.

Еске сала кетейік, демалыс күндері (16,17,18,19 желтоқсан) платформа қолданушылардың өтініштерін қабылдайтын болады, алайда бұл өтініштер БЖЗҚ тек 2021 жылдың 20 желтоқсанында жөнелтіледі.

Предыдущая статьяАймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму рейтингі жарияланды
Следующая статьяАлматы әкімдігі коттедж сатады

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here