Қалтаңызда қолма-қол ақша бар ма?

0
250

DATAmetrics компаниясы сарапшылары қара тұрғындарының қолма-қол ақша ұстауына қатысты жаңа әлеуметтік зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qarazhat.kz

Суретте көріп отырғаныңыздай қазақтандық қалаларда тұратын жандардың 21%-і өзімен бірге қолма-қол ақша ұстамайды екен. Дегенмен, қолма қол ақша ұстайтындардың үлесі әлі де басым. Жоғарыда аталған санаттағы тұрғындардың 12%-і аз дегенде 2000 теңгені қалтасына салып қояды екен. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 34%-інің қалтасында 2000 мен 5000 теңге аралығында купюра жүретін көрінеді. 5000 мен 20 000 теңгені қолма-қол ұстайтында саны 18% болса, 20 000 мен 50 000 теңгені қалтасына салып қоятындар 9%. Сауалнамаға қатысқан қалалықтардың 6%-інің қолында 50 000 теңгеден аса сома жүреді екен. Байқағаныңыздай, қалылықтардың басым бөлігі қолма-қол ақша ұстағанымен, ақша сомасы үлкен емес.

Есесіне, 100 теңге мен 500 теңге аралығындағы монетаны қалтасына салып жүретіндер саны басым, 41%. Дегенмен, респонденттердің 19%-і қалтасына көк тиын да салмайтын көрінеді.

Предыдущая статьяАҚШ-тағы инфляция дамушы елдер валютасына қысымды күшейтпек
Следующая статья11 жылдан кейін Теңізшевройлмен келісім-шарт мерзімі аяқталады

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here