Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» № 29 қаулысы қабылданғанын хабарлады, деп жазады Qarazhat.
Банктер туралы заңның 17-1-бабының талаптарына сәйкес «БЦК» АҚ Агенттікке Альфа-Банк банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алуға өтініш пен құжаттар топтамасын ұсынды. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің 100% дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің «БЦК» АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп жазылған Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан хабарламада.
«Банктер туралы заңның 8-бабының 1 және 4-тармақтарында банктер басқа қаржы ұйымының акцияларының бақылау пакетін сатып алуы үшін банкте банк холдингінің болуы қажет және банктің басқа заңды тұлғаларға инвестициясының сомасы банктің меншікті капиталының 10%-нан аспауға тиіс екені белгіленген».
Банк холдингінің болмауына байланысты «ЦКБ» АҚ-та Банктер туралы заңның 8-бабының 1 және 4-тармақтары бойынша шектеулердің болуына, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға меншікті капиталдан инвестициялар сомасының асып кетуіне байланысты «ЦКБ» АҚ «Альфа-Банктің» «ЦКБ» АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастырыла отырып, Альфа-Банктің акцияларын сатып алу мәмілесін мақұлдау туралы корпоративтік шешімдер қабылдады.
«БЦК» АҚ Директорлар кеңесі Альфа-Банкті «БЦК» АҚ-қа қосу жолымен банктерді қайта ұйымдастыру туралы мәселені акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім (25.04.2022ж. № 3-0425-01 хаттама) қабылдады, оны 2022 жылғы 20 мамырда өткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта «Банк ЦентрКредит» банкінің меншікті капиталы 147 млрд теңге және өтімділігі жоғары активтерінің көлемі 674 млрд теңге. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің қосылуын ескере отырып, 5 жылдық Бизнес-жоспар ұсынған. Оған сәйкес, «Банк ЦентрКредит» қаржылық ахуалы 5 жыл ішінде нашарламайды деп болдануда. Заңнаманың талаптарына сәйкес «БЦК» АҚ тарапынан Альфа-Банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуіне келісім алуға бас тартуына негіздер жоқ. Осыған байланысты, Агенттік «БЦК» АҚ-қа Альфа-Банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы оң шешім қабылдаған
2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ ресейлік банк — Альфа-Банкке қатысты санкциялар аясын кеңейткен болатын. АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) шешімімен банк және оның Қазақстанда орналасқан еншілес ұйымдары SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізілді. OFAC Альфа-Банкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін 2022 жылғы 6 мамырға дейін белгілеген еді.
Банк акционерлерінің ауысуы Альфа-Банктің кейіннен АҚШ пен бірқатар басқа елдер енгізген санкциялардан шығуына ықпал етеді. Бұдан өзге, «БЦК» АҚ-тың Альфа-Банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін оны қосымша өтімділікпен қолдауға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.
Фото ашық дерек көздерден