Қазақ қарызға құмар ма? Әрбір бесінші «оңалтылған» қарыз алушы қайта алған несиенің төлеу мерзімін өткізіп алған.
Өткен жылдың сәуір айында келісім-шарттары «оңалтылған» мәртебесі берілген әрбір бесінші қарыз алушы жаңа кредиттер бойынша мерзімін өткізіп алуға жол берген. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлайды, деп жазады Qarazhat.
.2022 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша жыл ішінде оңалтылған кредиттері бар қарыз алушылардың саны 1 млн 444,6 мың адамды құрады. Оңалту бұрынғы проблемалық берешекке байланысты кредиттік тарихы теріс қалыптасқан қарыз алушылардың жаңа несие алуына мүмкіндік жасау үшін іске асырылды. Дегенмен, бір жыл өтті, және FCB Analytics БКБ талдау орталығының деректері бойынша ақталған келісімшарттары бар қарыз алушылардың барлығының жағдайы оңалып кеткен жоқ. 2022 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша оңалтылған келісімшарттары бар қарыз алушылар бойынша статистика мынадай:
- Оңалтылған келісімшарттары бар қарыз алушылардың жартысына жуығы — 47,7% (ал бұл 689,2 мың адам) жаңа несиелер ресімдеген.
- Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде алынған қарыздардың жалпы саны 2,8 млн бірліктен асты (оның ішінде кредиттік желілер шеңберіндегі қарыздар, бөліп төлеу, кредиттік карталар), ал берілген кредиттердің жалпы сомасы 1,77 трлн теңгені құрады.
- Қарыз алушылардың шамамен 12% — ы (84,4 мың адам) осы кезеңде оңалтылған күйде алынған барлық қарыздарды өтей алды.
- Қалған адамдардың басым бөлігі (348,4 мың адам) оңалтудан кейін алынған өзінің бірде-бір қарызын өтеп үлгермеген. Шамамен 256,4 мың адам несиелердің бір бөлігін төледі, бірақ бәрі бірдей емес.
- Оңалтылған қарыз алушылардың әрбір бесінші қарыз алушысы 1 наурыздағы жағдай бойынша кем дегенде 1 күн мерзімін өткізіп алған. 15,7% 15 және одан да көп күн кешіктірген.
Анықтама: Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 09 сәуірде ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің кредиттерді оңалту мәселесі бойынша №53 қаулысына өзгерістер күшіне енді. Қаулыға сәйкес кредиттік келісімшартты оңалту мәртебесін кредиттік бюро есептейді және БКБ кредиттік есебінде көрсетіледі. Қаулының талаптары бойынша «ақталған» мәртебесі қарыз алушының кредиттік келісімшартына барлық шарттар бір мезгілде сақталған кезде ғана беріледі:
- Кредит бойынша оның қолданылу кезеңінде 90 күннен астам мерзімін өткізіп алуға жол берілген;
- Несие толығымен өтелді;
- Оңалтылатын кредитті өтеу күнінен бастап басқа қарыздар бойынша 12 ай ішінде 30 күннен артық мерзімін өткізуге жол берілмеді немесе осы кезеңде басқа кредиттер мүлдем болған жоқ.
.