
CS Global Partners консалтингтік компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, ауқатты адамдардың азаматтығы бойынша рейтингте Қазақстан 78-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Qarazhat. Сарапшылар елдердегі азаматтықты ауқатты адамдарға сәйкес келетін бес параметр бойынша бағалады. Олар: қауіпсіздік, экономикалық мүмкіндіктер, өмір сапасы, ғаламдық мобильдік және қаржылық еркіндік.
Сонымен ауқатты адамдардың азаматтығы бойынша Қазақстан Армения, Украина, Ресей және тіпті Түркиядан алда тұр. Бір қызығы, Қытай 76-шы орында, Қазақстаннан тек екі пункт жоғары тұр. Соңғы орында — Сомали, бірінші орында-Швейцария.
Қауіпсіздік көрсеткіші бойынша Қазақстан — 102 орын, экономикалық мүмкіндіктер бойынша 48 орын, өмір сапасы бойынша — 54; жаһандық мобильдік бойынша -78, қаржылық еркіндік бойынша -59 орында тұр.