Әлемде 2019-2021 жж, 3 жыл бойы бақытты елдердің дүниежүзілік рейтингін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілген. Қазақстан бұл рейтингте 40-орында тұр деп жазады ҚазАқпарат.
3 жыл бойы жасалған рейтинг әлем бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелерінің орташа көрсеткішіне негізделген. Рейтингке әлемнің 146 елі кірген. Ең бақытты елдер тізімін Финляндия бастап тұр, үздік үштікте Дания мен Исландия тұр. Төртінші орында Швейцария. Ең бақыттылар бестігін Нидерланд тәмамдайды. Ал, алғашқы ондыққа Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль, Жаңа Зеландия елдері кіреді. Еуропадағы экономикасы алпауыт елдер арасынан Германия тізімде 14-орынға тұрақтапты. АҚШ-қа 16-орын бұйырыпты. Біріккен Араб Әмірліктері 24-орында.
ТМД елдерінен арасынан Өзбекстан бақытты болу көрсеткіші жағынан 53-орында, Қырғызстан 54-орын, Беларусь 64, Ресей 80-орын, Армения 82, Тәжікстан 83, Әзербайжан 92-орын алыпты. Рейтингте тізімнің ең соңында Зимбабве, Ливан, Ауғанстан елдері.