Қазақстан экономикасы 10 жылда қанша өсім көрсетті?

0
210

Қазақстан экономикасы 10 жыл ішінде  АҚШ долларымен 5% өскен, деп жазады Qarazhat, Data metrics сарапшыларының талдауына сілтеме жасап.

 ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Жалпы өңірлік өнім он жыл ішінде 28 трлн теңгеден   82 трлн. теңгеге  дейін өсті. 2011 бұл көрсеткіш  2,9 есе төмен болған. Алайда, Ұлттық статистика бюросының бұл ресми дерегін АҚШ долларымен есептегенде және The World Bank – Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес Қазақстанның ЖІӨ 2011 жылдан 2021 жылға дейін бар-жоғы 5 пайыздық пунктке өскен.

Data metrics сарапшыларының  есептеуінше, ЖӨӨ он жыл ішінде айтарлықтай өссе де, 17 өңірдің жетеуінде теріс өсім байқалады. Мәселен, Жамбыл облысының ЖӨӨ 3,7 есеге өсім көрсеткінемінен, өңір құрылым аутсайдерінде тұр. Елдің батыс өңіріндегі облыстар және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары да теріс өсім көрсеткен.

ЖӨӨ-нің негізгі үлесі Алматы қаласына (18%), Атырау облысына (12%) және Нұр-сұлтан қаласына (10%) тиесілі.

1993 жылы Қостанай облысы мен Маңғыстау облысы арасындағы айырмашылық 15 есені құраған. Алайда қазіргі таңда бұл айырмашылық 2 есе. Алдағы 30 жылда бұл теңгерімсіздік мүлде болмайды деп күтеді, сарапшылар.  

Осылайша, сарапшылардың пайымдауынша Үкіметтің және Ұлттық банктің Қазақстан экономикасының жыл сайын өсім көрсететіні туралы есептеріне қарамастан, экономика теңгеде өсім көрсеткенімен, АҚШ долларына шаққанда экономика өсімі айтарлықтай емес. Бұл ел экономикасы баяу ілгерілеп жатқанын білдірмей ме?

Фото ашық дерек көздерден

Предыдущая статьяҚазақстан мұнайының атауы өзгере ме?
Следующая статьяТобыл УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысу үшін қанша қаржы жұмсайды?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here