Қазақстан мұнайының атауы өзгере ме?

0
171

Қазақстан маусымнан бастап  Ресей арқылы сатылатын мұнайының атауын өзгертпек, деп жазады Qarazhat, Reuters aқпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Агенттік дерегінше қазақстандық мұнай ендігі жерде «KEBCO -Kazakhstan Export Blend Crude Oil» деп аталмақ. Бұл қадамға Қазақстан санкцияға ұшырамаc үшін бармақ.

«Әлемдік нарыққа әсер еткен геосаяси өзгерістер Ресей порттары арқылы шығарылатын қазақстандық мұнай өнімдеріне теріс әсерін тигізбеуі үшін 2022 жылғы маусымнан бастап KEBSO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) атауы қолданылады», — делінген «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясыныі Reuters сауалына жазбаша жауабында.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнайды РФ порттары арқылы транзитпен тасымалдайды. Трейдерлер мұнай сапасында өзгеріс  болмайды дейді. Тек 6 маусымнан бастап құжаттарда (коносаменттер мен аккредитивтерде) «KEBCO» атауы қолданылады. Сондай-ақ танкерлер 10-11 маусымда жөнелтіледі деген болжам бар.

Наурыздан бері қазақстандық мұнай ресейлік Urals — EBCO (Export Blend Crude Oil) атауын қолданып келген. Тиісті деректер қазақстандық мұнай компанияларының жүкқұжаттарында көрсетілген. Reuters агенттігінде екі құжаттың көшірмесі бар.

Refinitiv Eikon-да жарияланған Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының дерегі бойынша Қазақстан мұнайдың 20% — ын Усть-Луга және Новороссийск порттары арқылы шетелге шығарады. Бұл өткен жылы 13,3 миллион тонна болған.

Фото ашық дерек көздерден

Предыдущая статья Жалған микрокредиттен сақтаныңыз
Следующая статьяҚазақстан экономикасы 10 жылда қанша өсім көрсетті?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here