Қазақстан қор биржасы ескертеді: абайлаңыз, алаяқ!

0
85

Қазақстан қор биржасы телефон алаяқтары мен әлеуметтік желідегі алаяқтардан сақ болуды ескертеді, -деп жазады Qarazhat. Алаяқтар соңғы уақытта  азаматтарға бағалы қағаздарды сатып алуды немесе қор нарығына ақша салуды жиі ұсынады. Сонымен қатар алаяқтар үлкен табысқа уәде беріп, Қазақстан қор биржасының (KASE) атауын пайдаланауда.

Осыған орай, KASE ресми түрде биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке немесе заңды тұлғаларға бағалы қағаздарды немесе биржалық нарықтардан басқа активтерді сатып алу үшін өз қызметтерін ешқашан ұсынбайтынын мәлімдейді.

«KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы және тек қаржы ұйымдарымен (банктермен және брокерлік ұйымдармен) тікелей өзара әрекет етеді, оларға Биржаның сауда жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді. Биржаның сауда жүйесіне тікелей қосыла алатын және онда мәмілелер жасай алатын ұйымдар — Биржаның мүшелері. Биржа мүшелерінің санаттары мен байланыс ақпараттары көрсетілген тізімі KASE сайтында жарияланған.

Есіңізде болсын! Ақшаны біреуге сеніп, Сіздің атыңыздан қандай-да бір мәміле жасау туралы тапсырма бермес бұрын, мұндай адамның тұлғасына мән беріп, кім екенін анықтап алыңыз. Кез келген күдік тудыратын жағдайда банктің немесе брокерлік ұйымның кеңсесіне жүгініңіз.

Алаяқтар қалай әрекет етеді? Олар өте кең таралған схеманы қолданады: танымал WhatsApp, Telegram, әлеуметтік желілер, электрондық пошталар арқылы азаматтарға хабарласып, «суық» қоңырауларды қолданады. Бұл ретте олар өздерін Биржаның немесе брокерлік ұйымның өкілі ретінде таныстырып, ақшаны бағалы қағаздарға салуды ұсынып, жоғары инвестициялық табыс, кеңес беру және өзге де қосымша қызметтер көрсетуге уәде береді, сол үшін әртүрлі сомаларды «брокерлік шоттарға» аударуды сұрайды.

Ақшаны аударғаннан кейін алаяқтар өз қаражатын брокерлік шоттан ішінара немесе толық шығарғанға дейін клиентпен бірге жұмыс істейді. Содан кейін жалғанброкерлермен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды. Сонымен қатар, көп жағдайда зиянкестер бұрын салынған қаражатты толық әрі дереу шығару үшін қосымша сома енгізуді талап етеді.

Жеке мүлікті сақтау және алаяқтардан қорғау мақсатында Биржа қазақстандықтарға келесі қарапайым ережелерді басшылыққа алуға кеңес береді.

Біріншіден, назар аударатын нәрсе: банкте және брокерде лицензия болуы қажет.

Банктер мен брокерлер уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (РРДҚ) лицензиясы негізінде ғана жұмыс істейді. Қаржы делдалдарының қызметі ҚР Азаматтық кодексі, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатаң реттеледі. Әрбір банк пен брокер клиентке осы клиентпен жасалған шарт негізінде ғана қызмет көрсетуге құқылы.

Екіншіден, сол банк немесе брокер расында бар екеніне және клиенттерге қызмет көрсететініне көз жеткізіңіз.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсете алатын барлық банктер мен брокерлер лицензиаттардың немесе Биржаның сауда-саттығына қатысушылардың тізімінде көрсетілген. АРРР және KASE сайтында банктің немесе брокердің бар-жоғын тексеріңіз. Банктің немесе брокерлік ұйымның кеңсесіне хабарласыңыз немесе оның байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз.

Өз қаражатын қор нарығына сала отырып, инвестор нарықтық тәуекелдерден сақтандырылмайтынын және нәтижесінде кіріс алуға да, шығындарға да әкелуі мүмкін екенін түсіну керек. Сондықтан брокер клиентке жоғары инвестициялық табыс алуға және (немесе) инвестициялар бойынша залалдың болмауына кепілдік беруге міндетті емес және құқығы жоқ.

Егер сіз қаржылық алаяқтықтың кез келген түріне тап болсаңыз, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне +7 (727) 237 10 00 жедел желі нөмірі бойынша Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабарласуды ұсынамыз. Лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімімен сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/266321?lang=ru.

Келтірілген залалды өтеу және алаяқтыққа барған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз, делінген KASE таратқан хабарламада.

Предыдущая статьяҚазақ қашан қарызсыз болар екен?
Следующая статьяҚаржы реттеушісі «Банк ЦентрКредит» пен «Альфа-Банк» арасындағы мәмілеге келісім берді

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here