Қазақстан Ресей мен Белорусь жүк тасымалдаушыларына шектеу қоймайды

0
119

Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдарында Қазақстан тарапынан жүк тасымалдауға шектеу қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған орай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлады, деп жазады Qarazhat. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  таратқан мәліметке сәйкес, Халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ұлттық автомобиль тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі заңнамада үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалына  шектеулер енгізіледі, оның ішінде «қайта тиеу» бойынша.  Қазақстанда аталған талаптар 2017 жылы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен енгізілген. .

«Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасында 200 АЕК (АТС жүргізушілеріне) және 500 АЕК (заңды тұлғаларға) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұл ретте, «қайта тиеуге» тыйым салатын талаптар шетелдік тасымалдаушылармен қатар қазақстандық тасымалдаушыларға да бірдей дәрежеде қолданылады», делінген хабарламада.

Министрлік мұндай талаптар Ресей Федерациясында РФ Көлік министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 301 бұйрығымен және «Үшінші мемлекеттердің жүктерін халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау ерекшеліктерін бекіту туралы» РФ Көлік министрлігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 259 жаңа бұйрығында белгіленгеніне назар аударады.

«Айта кетерлігі, қазіргі таңда орын алған геосаяси жағдайға байланысты жақын арада ресейлік және беларусьтік уәкілетті органдар  қазақстандық тарапты хабардар етпестен  2023 жылғы 1 қаңтарға дейін «қайта тиеуге» тыйым салу туралы талаптардың әрекет етуін  тоқтатқан. Ал, Қазақстанда «қайта тиеуге» тыйым салу туралы талап қолданыстан алынбаған» делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан мен РФ Үкімет басшыларының кездесуі барысында «қайта тиеуге» тыйым салу талаптарының әрекет етуін тоқтата тұру туралы хабарламаны талқылағаннан кейін, Қазақстан тарапы түсіністік танытып,  жағдайды тиімді шешу жолын ұсынды. Осылайша, «қайта тиеуге» тыйым салу туралы талап келесі жылдың басына дейін беларусьтік және ресейлік тасымалдаушыларға қатысты қолданылмайды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей Федерациясының құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдары тиісті консультациялар жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша өзара қолайлы шешімдер қабылданатын болады.

Осы ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында Үшінші елдерге/елдерден халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде қайта тиеуді жүзеге асыру мүмкіндігіне шектеу қойылмайды. Тек, бұл үшін рұқсат беретін арнайы құжат алу қажет.

Бүгінде Қазақстан Республикасында Қазақстаннан Еуропа елдеріне жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін 40-қа жуық компания тіркелген. Онда көлік құралдарының жалпы паркі 3 мың дана.

Предыдущая статьяНазарбаевқа тиесілі компания әділетсіз мәміле шығынын халыққа қайтарды
Следующая статьяТеңге неге күрт нығайды? Ұлттық банк жауап берді

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here