Қазақстанда қолма-қол Ресей рублі көбейді.  Ұлттық банк қанда шара қабылдамақ?

0
177

Ресей рублі  Қазақстан нарығына доллар немесе тауар сатып алатын ресей азаматтары арқылы келуде,  деп жазады Qarazhat. Ұлттық банк Қазақстанның банк секторында жинақталған қолма-қол рубльдің өсуінен хабардар.  Дегенмен, әзірге Қазақстан банктерінде жинақталған рубль сомасы туралы статистикалық мәліметтер де жоқ.

Ұлттық Банктің пайымынша, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалуы – елімізден қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты.

Осыған орай, Ұлттқ банк «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі — Жоба) әзірленгенін хабарлайды. Жобада 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта екінші деңгейлі банктердің қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен әкетуге рұқсаты көзделген. Бұл ретте сома 2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша кассалардағы қалдық шегінде болуға тиіс. Рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында енгізіледі.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында, және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Ал, Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) мүшесі Бақыт Жұмабаевтың айтуынша, заңға сәйкес банктер корреспонденттік шотқа қолма-қол рубльдің артық сомасын жинай алмайды. Нәтижесінде, қолма қол ақша мен қор нарығы арасында айырбас сауда қалыптасуы мүмкін. Банк есептелген соманың 5-20 % аралығында болатын қолма қол рубльді клиент  шоттарына енгізу үшін қорғаныс тарифтерін пайдаланады. Олар валюталық позицияларын реттеу үшін рубльді айырбастауға және Ресей нарығында форвардтық мөлшерлеме төлеуге мәжбүр.  Салдарынан, әжептеуір сомадағы ақша экономикалық айналымнан жасанды түрде шығып,  макулатураға айналады. Себебі банктерде ақшаны долларға айырбастауға мүмкіндік жоқ.

Сондықтан,Бақыт Жұмабаевтың пікірінше, қаржы жүйесінің айналымына қатер төнбей тұрып, Ұлттық банк корреспонденттік шоттардағы қолма-қол рубльді әкетуге қойылған шектеулерді алып тастау туралы Президентке өтініш беруі керек.

Қазірдің өзінде еліміздегі кейбір банктер қолма-қол Ресей валютасын сақтау мен енгізуге 5% пен 20% аралығында жоғары комиссия белгілеп отыр. Мысалы, «Центр Кредит»  банкінде Ресей ақшасын ағымдағы немесе депозит шотына салуға  20% көлемінде комиссия алынады.

Мұндағы басты себеп – қазақстандық банктер рубльді ресейлік банктердегі корреспонденттік шоттарға инкассациялай алмайды.

Photo by, Pixabay

Предыдущая статьяРеферендум жарнамаcына қазынадан 383 млн теңге жұмсалды
Следующая статьяБизнестегі гендер теңдігінің рөлі қандай?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here