Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде жанармай арзандамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qarazhat, KazTag агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі қазіргі геосаяси жағдайлардың әсерінен ресейлік мұнай өнімдері арзандауы мүмкін, алайда оның өзі бүгінде қымбатырақ, өйткені Қазақстан мен Ресей Федерациясының бағалары арасында өте үлкен айырмашылық болды, деді. Оның сөзінше қазақстандық бензин ресейлік Т100-ге қарағанда арзан болды. «Бірақ әзірге ресейлік арзан өнім біздің нарықта жаппай сатылып жатқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, біз мұнай өнімдерін сатуда маржаның белгілі бір үлесін алып отырған делдалдарды ығыстырып, пайдадағы олардың үлесін мемлекетке акциздер түрінде қалдырамыз. Яғни, жаңа акциз қолданылғандықтан баға өспейді, бірақ арзандауы да екіталай. Қазір АИ-92 және АИ-93 182 теңге, АИ-95 215 теңге дизель 230– 260 теңге аралығында. Бұл бағалар әлі де сақталуда», — деді Ақшолақов.
Сонымен қатар, ол Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың бірі екенін атап өтті.
«Қазақстан бензиннің арзандығы бойынша алғашқы бестікте тұр. Бұл бестікте тіпті экономикасында нарықтық қатынастар жоқ елдер орналасқан. Бензин багын 1 долларға толтыру мүмкін емес екенін білесіз ғой. Сондықтан Қазақстанда мұнай өнімдері өте арзан және осының салдарынан бұдан бұрын шекаралас мемлекеттерге санкция салынбаған үлкен көлемде мұнай өнімдері тасымалданды. Сол себепті өткен жылы жанармай тапшылығын сезе бастадық. Өйткені тасымалдауға тыйм салынғанына қарамастан біздің мұнай өнімдеріміз шекара арқылы бақылаусыз әкетілді.», — деп атап өтті Ақшолақов.
Photo by: www.flickr.com