Xiaomi қытайлық технологиялық корпорациясы төртінші тоқсанның және жалпы 2021 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық есебін жариялады. Компания пайдасын өткен жылы 70% — өсірген деп жазады Qarazhat.
Өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша таза пайда 702 млн$-ға жетті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 40% — ға жоғары.
Осылайша, Xiaomi тоқсан қорытындысы бойынша компанияның табысы 660 млн$ жетеді деп болжаған сарапшылардың үмітін асыра ақтады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша түзетілген Xiaomi кірісі 3,46 миллиард долларға дейін өсті, бұл 2020жылмен салыстырғанда 69,5 % жоғары.
Компанияның сатылуы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша 21% — ға, 13,5 млрд$ дейін өсті, ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша түсім 51,65 млрд$- қа жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 33,5% — ға артық. Қаржылық нәтижелерді ұсынумен қатар, компания акцияларды 1,3 млрд$-қа кері сатып алатыны туралы жариялады.
Citigroup сарапшылары Андре Лин мен Артур Лай атап өткендей, Xiaomi әлемдегі смартфон нарығында үшінші орынға шықты. Дегенмен, Ресейдің Украинадағы әскери операциясы компанияның шетелдік бизнесіне қиындықтар туғызды. Алайда,
Xiaomi президенті Ван Сян конференция барысында: «биылғы жылы геосаяси қауіптер мен белгісіздік сақталады». Дегенмен, «екінші жартыжылдықта жеткізу тізбегін жетілдіру бойынша жұмыстар басталмақ».