Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында референдум туралы ақпарат жариялау үшін 383 млн теңге жұмсаған, деп жазады Qarazhat, Zertteu Research Institute қоғамдық ұйымының зерттеулеріне сілтеме жасап.
Zertteu Research Institute деректеріне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы рефендум туралы «ақпараттық материалдар әзірлеу мен тарату» үшін әр түрлі медиа ұйымдармен 38 келісім жасаған. Zertteu Research Institute қоғамдық ұйымы ұсынған деректерге сәйкес, рефендумға байланысты жарнама жасағаны үшін ақпараттық порталдар, баспалар, республикалық арналар мен радиостанциялар ақша алған. Тараптардың арасындағы келісім мамырдың 25-і мен маусымны айының 1-і арасында жүргізілді.
Мысалы, «Internet Portal Nur» ЖШС Nur.kz, Tengrinews.kz сайттарында «ақпараттық баннер қойғаны» үшін 24,5 млн теңге; ал тендер шарттарына сәйкес 38,9 млн теңге алады.
«31 арна» телерадиокомпаниясы рефендум туралы ұзақтығы 90 минуттық «видеороликтер» жариялағанына 19,5 млн теңге, ал Love Radio эфирде референдум жайлы 100 мәрте қайталағаны үшін 9,6 млн теңге алады.
Референдумға бөлінген қаржының жалпы сомасы – 16,4 млд теңге. ОСК мүшесі Сабила Мустафинаның айтуынша, аталған қаржының 80%-ы комисссия мүшелерінің еңбекақысына, ал 20%-ы сайлау учаскелерін жабдықтауға жұмсалды.