Швейцария мен ЕуроОдақ көмір сатып алуда Қазақстаннан экспортты ұлғайтты. Нәтижиесінде Қазақстанда өндірілетін көмірдің экспорты 2 есеге өсті, деп жазады Qarazhat.kz.
https://tradereport.kz/ сарапшыларының дерегінше 2022 жылдың бес айы ішінде Қазақстан сыртқы нарықтарға 13,7 млн тонн көмір сату арқылы 344,2 млн$ тапқан. Бір қызығы экспорт доллармен 92%, ал тоннамен бар-жоғы 24% процентке артқан.
Қазақстан көмірін сатып алуда басты серіктес Ресей — 8,4 млн тонна сатып алған, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15% көп. Екінші орында Швейцария — 3,3 млн тонна, өткен жылғымен салыстырғанда екі есе артқан. Үшінші орында ЕуроОдақ, бес ай ішінде 1,1 млн тонна Қазақстан көмірін экпорттаған. Өткен жылы осы кезеңде Одақ елдері елімізде бар болғаны 23 мың тонна көмір сатып алған. Еуропалық Одаққа кіретін емлекеттер ресейлік көмірдің барлық түрін импорттаудан бас тартуды жоспарлап отыр, қазір олар Ресейден көмір сатып алуды күрт қысқартқан.
Алайда, қазақстандық көмірді Беларуське тасымалдау 9 есе, Украинаға жеткізу 3 есе қысқарған. Сарапшылардың дерегінше экспорттың күрт өсуінен ішкі нарық зардап шекпейді. Қазақстан тау-кен өндіру кәсіпорындары республикалық ассоциациясының директоры Николай Радостовцевтің сөзінше биыл еліміз ішкі нарыққа залал тигізбестен көмір экспортын 1,5 есе арттыруға қауқарлы.