«Самұрық-Қазына» қазынаға табысының 10%-тен астамын ғана аудармақ па?

0
412

 2021 жылы  «Самұрық-Қазына» АҚ тапқан табыс пандемияға дейінгі 2019 жылдан да жоғары болған. Бұл туралы қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлім етті,-деп жазады Qarazhat.  «Самұрық-Қазына»  жария еткен ақпаратқа сәйкес Қор өткен жылы 1,6 трлн теңге таза пайда тапқан «Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.   Өткен жылы бұл көрсеткіш 88,3 млрд теңгені құраған. Жалпы, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директорының айтуынша сөзінше, Қор жалғыз акционеріне, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметіне төленетін дивидендтер көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Айта кету керек, Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы Қаулысында, «»Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен 2019 жыл қорытындысы бойынша таза кірісті 100 (жүз) процентке дейінгі мөлшерде дивидендтер төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдасын», делінген.  Ал, 2021 жылғы таза пайданың тек 10%-тен астамын қазынаға дивидент ретінде төлеуә қаншалықты заңды? Бұл сұрақты «Самұрық-Қазына» қорына жолдайтын боламыз.

Жалпы, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директорының айтуынша, алдын-ала деректер бойынша, 2021 жылы Компаниялар тобының кірісі 11,7 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған межеден 2,4 трлн теңгеге көп. Таза пайда 1,6 трлн теңге, бұл 2021 жылға арналған бекітілген жоспардан және 2020 жылдың нәтижелерінен үш есеге жуық жоғары. Сондай-ақ, өткен жылы Қордың портфельдік компаниялары республикалық бюджетке салық түрінде 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды, бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10% құрайды.

Нәзира Нұрбаева дерегінше, Пайданың ұлғаюы негізінен есепті кезеңдегі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне байланысты. Сонымен қатар, карантиндік шаралардың жеңілдеі және елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы нәтижесінде 2021 жылы әуе және теміржол көлігі саласында жолаушылар тасымалы сәйкесінше 74%-ға және 49%-ға өсті. Қытай-Еуропа, Қиыр Шығыс-Орталық Азия және Қытай-Кавказ/Түркия бағыттарында контейнерлік транзит көлемі артты, осыған байланысты контейнерлік тасымалдар 22%-ға өсті. Сонымен қатар, ішкі нарықта электр энергиясын тұтынудың өсуі электр энергиясын өндіру мен тасымалдау көлемінің сәйкесінше 13% және 18%-ға артуына ықпал етті.

Қор қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне де қаржы бөледі. Қор компанияларының атынан әрекет ететін «SK-Trust» корпоративтік қоры өткен жылы жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге 32 жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі көпфункционалды аурухананың құрылысын қаржыландыруды жалғастыруда.

Сондай-ақ, Қор Компаниялар тобына борыштық жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2017 жылдан бері Қордың жалпы қарызы 21,5%-ға, яғни 29,7 млрд доллардан 23,3 млрд долларға дейін төмендеді. 2021 жылдың соңындағы қаржылық тұрақтылық көрсеткіші Қарыз/EBITDA да 2,3 деңгейінде оң нәтиже көрсетті.  2021 жылы Standard&Poors рейтинг агенттігі Самұрық-Қазына» қорының ұзақ  және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ дәрежесіне көтерді. Moody’s шетелдік валютадағы ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін “Baa2” деңгейінде растады. 

Предыдущая статьяШағын бизнес иелеріне мемлекеттен субсидия беріледі
Следующая статьяҚазақ қашан қарызсыз болар екен?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here