Санкция салынған ресейлік банкті елімізде құтқарушы табылды

0
289

Санкция салынған ресейлік «Альфа-Банк» АҚ-ның  Қазақстандағы еншілес ұйымын «Банк ЦентрКредит» АҚ сатып алатын болды. Бейсенбі күні ЦентрКредит Банкі 100% жай акцияларын сатып алу арқылы Қазақстандағы Альфа-Банктің жаңа акционері атанатыны жөнінде түбегейлі келісімге келгенін жария етті деп жазады Qarazhat.

Ресейлік «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, Директорлар кеңесінің құрамынан өзінің өкілдерін шақыртып алады.  Мәміле толықтай заңдастырылғаннан кейін ЦентрКредит Банкі Банктің ребрендингін жүргізеді. Осылайша, ол жеке және заңды тұлғаларға арналған барлық банктік қызметтерді көрсететін тұтастай қазақстандық банк болады.

Альфа-Банкті сатып алу арқылы Қазақстандық ЦентрКредит Банкі оған меншікті қаражатының есебінен қолдау көрсетуге дайын. «Банкке депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындау және қазіргі кездегі клиенттері үшін орын алған жағдайды шұғыл түрде шешу үшін меншікті қаражатының есебінен қосымша өтімділікпен қолдау көрсетуге дайын»,-деп көрсетілген ЦентрКредит Банкінің хабарламасында.

1988 жылы құрылған «Банк ЦентрКредит» АҚ  банкінің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және Қазақстан бойынша 130-дан аса бөлімшесі жұмыс істейді.

Предыдущая статьяЖолдың әр шақырымын жөндеуге 400 млн теңге керек пе?
Следующая статьяШағын бизнес иелеріне мемлекеттен субсидия беріледі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here