Шектен шыққан «шек»

0
134

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындандай хабарлама таратты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде Еңбекминінің құзыретіне қатысты бұрыс тұжырым жасалғанын хабарлады. Осы баспасөз релизін Еңбекминінің ресми сайтында, аккаунттарында және әлеуметтік медиада орналастырған қызметкерге тиісті тәртіптік жазалау шаралары қолданылды.

Еңбекминінің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Министрлік зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші. 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелді.

Анықтама үшін:

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін Еңбекмині 2020 жылы әзірлеп, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекіткен болатын.

Еңбекмині әзірлеген әдістемені бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде көзделген барлық қажетті рәсімдерден өтті:

— әдістемеге енгізілген параметрлерді әзірлеу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жұмыс топтарының бірнеше отырысы өткізілді;

— 2020 жылғы 29 қарашада Ашық НҚА порталында жария талқылау өтті;

— 2020 жылғы 4 желтоқсанда ол Еңбекминінің интернет-ресурсында орналастырылды, онда 10 күн ішінде оған пікірлер мен ұсыныстар жиналды;

— барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өткізілді. 

Әдістеме келесі көрсеткіштерді қамтиды:

— БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

— БЖЗҚ-жан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;

— ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;

— жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;

— ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;

— міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

— зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.

Предыдущая статьяЕлімізде миллионерлердің қатарына әкімдер де қосылды
Следующая статьяЦифрлы платформа нарығы: кім алға озды?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here