Тәуелсіз директорлары миллиондап сыйақы алатын «Қазпошта» тақырға отыра ма?

0
372
«Қазпоштаның» қаржылық жағдайы қиындай түскені баспасөз беттерінде айтылып жүргеніне бір айға жуық уақыт болды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ оны сатылымға шығарғаны да белгілі. Осыған орай, «ҚазТаг» агенттігі «Қазпоштаға» сауал жолдап, компания қызметкерлеріне қанша қаражат жұмсайтынын анықтапты.

Агенттіктің хабарлауынша, 2020 жылы «Қазпошта» АҚ қатардағы бір қызметкерге орта есеппен 336 мың теңге, ал, компанияның Директорлар кеңесінің бір мүшесіне 12 млн теңге жұмсайды екен. Осылайша бір өндірістік қызметкердің еңбегі үшін жылдық сыйақы Бір тәуелсіз директордың жылдық сыйақысынан 35 есе аз екені анықталған. Агенттік редакциясына «Қазпошта» тарапынан берілген жауап пен компанияның Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында орналастырылған 2020 жылға арналған есебін салыстырған жөн.

Бүгінде «Қазпошта»  компаниясында 4,7 мыңнан астам пошташы еңбек етеді. Бұдан басқа, компанияда байланыс операторлары, сұрыптаушылар, жүргізушілер, инкассаторлар, фельдъегер, курьер сияқты 7,8 мыңнан астам өндірістік қызметкер бар», — делінген редакция алған компанияның жауабында. Персоналға жұмсалатын шығын 2020 жылы – 279 млн теңгеден 4,2 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, жылына бір өндірістік қызметкерге жұмсалатын шығын 336 мың теңге, айына 28 мың теңгені құрайды.

Директорлар кеңесінің мүшелері –тәуелсіз директорларға міндеттерді орындағаны үшін жыл сайын белгіленген мөлшерде сыйақы төленеді. Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  өкілдері және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын директорлар Кеңесінің мүшелеріне және «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасына сыйақы төлеу көзделмеген.


Бүгінде «Қазпошта» директорлар кеңесінде алты мүше бар: «Самұрық-Қазына» қорының екі өкілі, компанияның Басқарма төрағасы және үш тәуелсіз директор.

2017-2019 жылдары Тәуелсіз директорларға берілетін сыйақын жалпы сомасы «Қазпоштаның» жауабына сәйкес жылына шамамен 60 млн теңге, ал, 2020 жылы – 34,5 млн теңгені құраған. Осылайша, бір өндірістік қызметкердің 2020 жылғы еңбегі үшін жылдық сыйақы бір тәуелсіз директордың жылдық сыйақысынан 35 есе аз болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазпочта» АҚ-ның 2020 жылғы шығыны өткен жылмен салыстырғанда 5,13 млрд теңге болды. Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ – ның 2021 жылғы I тоқсандағы шығыны 2020 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 1,75 млрд теңге, 2021 жылғы I жартыжылдықта-1,9 млрд теңге, 2021 жылғы тоғыз айда-3,8 млрд теңгені құрады. Өкілдік шығындар мен қайырымдылық шығындары 2020 жылы 13,5 миллион теңгеге өсіп, 66 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтарында «Қазпошта» АҚ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы шарт бойынша бағдарлама сатып алғаны үшін Oracle-ға Т4,5 млрд теңге төлем жасады және 2018-2019 жылдардағы сауда дебиторлық берешегін өтеу туралы  China Post Group-тан 3, 6 млрд теңгеге шот жазып берді, деп хабарлайды KPMG аудиторы өз есебінде.

Белгілі қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетовтың айтуынша, «Қазпочта» дефолт алдында тұр. «2021 жылғы қаңтарда шығын 5 млрд. теңгеге жетті, егер осылай болса, жыл бойынша шығын 8,5-9 млрд. теңге болады, ал  «Самұрық-Қазына» шығын 4,1 млрд. теңге болады деп мәлімдеген болатын. Жалпы соңғы жылдары қомақты сома салған қажетсіз шығын керемет әсер бергенімен, компанияны қарызға батырды.  Компанияға тәуелсіз аудит жүргізіп,  қаржы полициясы тарапынан  көмек көрсетіп, оның бұл жағдайға жетуіне не себеп екенін анықтаған жөн. Жалпы, мұндай көмек көптеген ұлттық компанияға қажет. Өйткені жоғарыда отырған шенеуніктер Ұлттық қор мен БЖЗҚ олардың ақшасы емес, халықтың ақша екенін ұмытып кетті», — дейді Рысмамбетов.

Сарапшының пікірінше, «Қазпошта» дефолт болуы мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарып бақты. Оның ойынша, «Қазпоштаның» дефолт болуы туралы мәселе терең әрі өткір тұр.  Егер компанияның шығыны 4 млрд теңге болса (іс жүзінде 8 млрд теңге болуы мүмкін), және мемлекет көмек көрсетуге мәжбүр болса, онда аудит тек «Қазпоштада» ғана емес, жалпы барлық квазимемлекеттік секторда және «Самұрық», «Бәйтерек», «Зерде», өңірлік Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияларда жүргізілуі тиіс». Оның пікірінше, «аудит бес жыл бұрынғы есептерге, ал кейбір компаниялар үшін 7-10 жыл бұрынғы есепке жүргізілуі керек».

«Егер олар бұзушылықтарды тапса (және және өте үлкен заңбұзушылықтар 100% табылады), онда бонустар, тағайындалған сыйақылардың бір бөлігін кері қайтарып, тіпті қаражатты қазынаға құюды талап ету қажет. Аудит жүргізу кезінде Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялардың қаражатын мейлінше еркін, жосықсыз пайдаланған бұрынғы және өазіргі облыс әкімдері жауапқа тартылуы бек мүмкін. «Қазпоштаны» қайта құрылымдау қалай жүргізілетініне назар аудару керек, қысқарту болмас па екен?! өйткені, кейбір ауылдарда пошташыларды жарты ставкамен жұмысқа алады, олырдың еңбекақысы 25-30 мың теңгені құрайды ал бұл қарапайым адамдар күніне 10-15 шақырым жүреді. Яғни еліміздің барлық өңірінде филиалы бар «Қазпошта», жоғарыдағы шенеуніктер көргісі келмейтін кедейліктің скриншоты»,- дейді Рысмамбетов.

Предыдущая статьяҰлттық компанияларға акционер болғыңыз келе ме?
Следующая статьяЕлімізде миллионерлердің қатарына әкімдер де қосылды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here