Теңге неге күрт нығайды? Ұлттық банк жауап берді

0
102

31 мамыр күні Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықта теңгенің долларға шаққандағы бағамы күрт нығайып, доллар бағамы 12 теңгеге жуық арзандады. Ұлттық банк валюта нарығына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Qarazhat.

Ұлттық Банк қалыптасқан жағдайдың бірнеше себебін көрсетіпті.  Бас банк таратқан мәліметке сәйкес,  мамыр айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан, 1 доллар 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрағанымен Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларына жетті.

«Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті, оның ішінде: энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар», делінген хабарламады.

Ұлттық банктің дерегінше, валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда, құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қолдау тапқан, бұл сауда шамамен 598 млн АҚШ долларын құрады.

Бюджетке төленетін ірі салық төлемдерінің кезеңі және валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасын ұсыну  сұраныстан едәуір асып түскен.

 Өтімділікті қолдау және салық аптасы кезеңінде шетел валютасына сұраныс пен  ұсыныс арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасының артық ұсынысын сатып алған.

Жалпы, мамыр айының басынжа Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін 4 млн АҚШ доллары сатылған. Трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілетіндіктен Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді.

Сондай ақ, БЖЗҚ ивестициялық портфелін  әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру үшін мамырда  зейнетақы активтеріне 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

 Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің ұлғаюын болдырмау және алтын-валюта резервтерін сақтауды қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Предыдущая статьяҚазақстан Ресей мен Белорусь жүк тасымалдаушыларына шектеу қоймайды
Следующая статьяҚазақстан Ресеймен сауда-сатыққа мүдделі ел ме?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here