Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, агенттікте тіркеуден өткен және жұмыс істейтін коллекторлық агенттіктердің тізімін жариялады.
Тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктер тізімінде 277 компанияның атауы, мекен жайы және басшысы туралы толық мәлімет бар.
Ал, жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктер тізіміндегі компаниялар саны 195. Мұнда да агенттіктің орналасқан жері мен басшылығы туралы толық ақпарат қамтылған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан тізімдегі айырмашылыққа қатысты ешқандай түсініктеме жоқ. Тек екі тізім екі бөлек берілген.
Тіркелген коллекторлық агенттіктер мен жұмыс істеп тұрған агенттіктердің тізімін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі порталының, «Құжаттар» бөлімінен табуға болады.