Қазақстан экономикасын беймонополиялау үшін комиссия құрылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканы монополиядан арылту туралы міндет жүктеген болатын.  

Осы мақсатта ҚР Үкіметі жанынан экономиканы беймонополиялау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді деп жазады primeminister.kz сайты.

Комиссияның міндеті – экономиканы беймонополиялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады.

Бейсенбі, 24 наурыз күні комиссияның алғашқы отырысы өтіп, Қаржы министрі Е. Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Б. Дембаев және т. б. баяндама жасады.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Photo by https://primeminister.kz/

Предыдущая статьяУкраина-Ресей қақтығысы теңге бағамын құлдыратты. Биржадағы соңғы деректер
Следующая статьяҚазақстан бақытты ел ме?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here