Қытай экономикасы әлсірей бастады ма?

0
192
Photo by thesun.co.uk

Қытай экономикасы жаңа қысыммен бетпе-бет келіп отыр. Жағдайды оңалту үшін шағын және орта бизнес компанияларына көмек ретінде салықтар мен алымдарды қысқарту қажет. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері-Қытай үкіметінің басшысы Ли Кэцян мәлімдеді деп жазады Интерфакс-Казахстан.

Ол «жаңа төмендетілмелі қысымның» ауқымы немесе оның себебін нақтыламады, алайда қытайлық ресми тұлғалар бұл ұғымды экономикалық өсім қарқынының баяулауын сипаттау үшін қолдануда деп жазады Bloomberg.

Оның айтуынша, қажетті көлемді сақтап қалу үшін экономикаға «жан-жақты циклдық түзету» қажет, деп хабарлады CCTV телеарнасы. Бұл сөздер ағымдағы эконмикалық көрсеткіштер емес, ұзақ мерзімді келешекке көбірек бағытталатын консерватиті қаржылай және ақша-несие саясатымен көбірек байланысты. Ли Кэцян іскерлік ортаны жақсарту үшін барлық типтегі компанияларға бірдей қарым-қатынас жасау мен анағұрлым тиянақты нарықтық бақылау қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар монополиямен және жосықсыз бәсекемен күрес те назардан тыс қалмайды.

Қытай үкіметбасы мұндай мәлімдемені ел экономикасының баяулағанын көрсететін мәліметтер жарияланғаннан кейін жасады. Қытайдың қайта өңдеу өндірісіндегі сатып алу бойынша менеджерлер индексі (PMI) қазан айында 49,2 пунктке төмендеді, бір айын бұрын 49,6 пункт болатын деп хабарлады Мемлекеттік статистика басқармасы. Осылайша бұл көрсеткіш екі айы қатарынан 50 пункттен төмен, бұл саладағы белсенділіктің төмендегенін көрсетеді. Алайда бұл көрсеткіш 2020 жылдың ақпан айында рекордтық минимумға түскен болатын. «Қазіргі таңда өсімге айқын ықпал етуші жоқтың қасы, сондықтан үкімет оны іздеуде» China Renaissance Securities Hong Kong Ltd. макроэкономикалық және стратегиялық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Брюс Панг осындай пікірде. Оның ойынша шағын бизнеске салынатын инвестициялар мемлекеттік инвестициялар немесе жылжымайтын мүлікке салынған салыммен салыстырғанда анағұрлым табысты жане ұзақмерзімді өсімнің негізі болуы мүмкін.

Соңғы уақытта бірқатар инвестициялық банк ҚХР ЖІӨ-не қатысты болжамның нашарлағанын  мәлімдеп, 8%-тен төмен болады деген еді. Алайда Bloomberg-ке сұхбат берген Қытай орталық банкінің бұрынғы кеңесшісі Хуан Ипин, таяу бірнеше ай бойы Қытай экономикасы баяуласа да, жыл соңында 8% өсім көрсете алады деп мәлімдеді.

Предыдущая статьяҚазақстанда кеңседе жұмыс істегісі келетін қызметкерлердің саны артқан
Следующая статьяFreedom Holding Corp. кірісі төрт есе өсті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here